ҚАЗ   РУС   EN   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШ САПАРЫ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕРДІ ҚАШЫҚТЫҚТАН ЗОНДТАУ ҒАРЫШ ЖҮЙЕСІ ОРТАЛЫҒЫ

2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі (ҚР ЖҚЗ ҒЖ) KazEOSat-1 және KazEOSat-2 екі ғарыш аппараты (кеңістіктік айыру қабілеті орта және жоғары) және ЖҚЗ жерүсті сегменті арқылы жұмыс атқаруда. 

Жер үсті мақсатты кешені ғарыштық кескіндерді қабылдауға, өңдеуге және таратуға, сондай-ақ жер бетінің спутниктік кескініне тапсырыс берушілердің өтінімдеріне сәйкес ғарыш аппараттарының ұшу миссияларын құруға арналған. 

 ҚР ЖҚЗ ҒЖ-і ел аумағында жедел мониторинг ақпаратын алу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономика, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік салаларының мәселелерін шешу үшін қашықтықтан зондтау мәліметтерін алу арқылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін қамтамасыз етуге арналған. ҚР ЖҚЗ ҒЖ-і ел аумағында жедел мониторинг ақпаратын алуда ҚР егемендігін қамтамасыз ету, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының экономика, қорғаныс және ұлттық қауіпсіздік салаларының мәселелерін шешу үшін қашықтықтан зондтау мәліметтерін алуға арналады. 

 Осы жоба AirbusDefenseandSpace-еуропалық жетекші компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылады. ҚР ЖҚЗ ҒЖ-і оптикалық-электронды екі ғарыш аппаратынан (ҒА) құрылады:кеңістіктік айыру қабілеті жоғары (1 м)«KazEOSat-1» аппараты және кеңістіктік айыру қабілеті орта (6,5 м) «KazEOSat-2» аппараты, сондай-ақ жердегі спутниктік басқару кешені және ЖҚЗ деректерді қабылдауға, өңдеуге және таратуға арналған жерүсті мақсатты кешен де осы құрамға кіреді. 

 2014 жылғы 30 сәуірде Куру космодромынан (Франциялық Гвиана) кеңістіктік айыру қабілеті жоғары ЖҚЗ алғашқы қазақстандық спутнигі KazEOSat-1 сәтті ұшырылды.

 Кеңістіктік айыру қабілеті орта «KazEOSat-2» ЖҚЗ ҒА-ы 2014 жылғы 20 маусымда ресейлік Ясный базасынан (Орынбор облысы, Ресей) ұшырылды. 

 ҚР ЖҚЗ ҒЖ келісім-шарт шеңберінде қазақстандық мамандарды дайындау, ғарыш аппараттарының жобалау технологиясын трансферттеу, өндіру, құрастыру, сынау және пайдалану жұмыстары атқарылды. 

Запуск КА ДЗЗ среднего разрешения KazEOSat-2 состоялся 20 июня 2014 года с российской пусковой базы «Ясный» (Оренбургская область, Россия).

Наши

2018 ЖЫЛҒЫ ҒАРЫШТЫҚ БАҚЫЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ 

Цифрландырылған ауыл шаруашылық алқаптары - 35,3 млн. Га (100%) 
Анықталған өңделмеген алқаптар - 122 мың Га 
Маусымдық бақылау:
 - егістерді; 
- егін жинауды.
 Бағалау:- егістіктердің жағдайын;
 - астық өнімділігінің болжамын; 
- жайылым жағдайын және өнімділікті. 

ОРМАН РЕСУРСТАРЫ  

Цифрландырылған орман алқаптары - 17,6 млн. Га (100%)
 Анықталғаны- 1 821 орман көшеттері кесілген 
Күнделікті бақылау: 
- кесу; 
- күйік; 
- өрт қаупінің болжамын. 
Бағалау:- орманды алқаптарын; 
- өртенген орман алқаптарының жай-күйін. 

СУ РЕСУРСТАРЫ

Цифрландырылған су объектілері - 4,0 млн. Га. 
Анықталды - суаруға мүмкіндігі бар 428 миллион гектар жер
 Маусымдық бақылау:
 - мұз жағдайларын; 
- су тасқынын;
 - атыраудың қалыптасуын. 
Бағалау: - гидрографиялық желінің жағдайын; 
- Көлдер мен ірі су қоймаларының жағдайын. 

ӨНДІРІС ЖӘНЕ ТҰТЫНЫС ҚОҚЫСЫ

Цифрландырылған лицензиялық телімдер (іс жүзінде) - 498.
 Анықталды- рұқсат етілмеген 1821 қоқыс орны. 
 Түсіру күнінен бастап 10 күн ішінде бақылау: 
17 қала; 
167 мың шаршы км. 
Бағалау- қоқыс полигондары шекараларының өзгеру динамикасын.  

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ 

Цифрландырылған- 297 өрт сөндіру бөлімі. 
Анықталды- 38 024 өрт ошағы. 
 Күніне 6 рет бақылау: 
- орман және дала өрттерінің ошақтарын; 
- су тасқыны жағдайын. 
Бағалау: - өртенген аумақтарды; 
- көлдер жағдайын. 

БАС ПРОКУРАТУРА

2018-2019 жж геопорталдың көмегімен прокуратура органдары кадастрлық құны 700 млрд теңге болатын 9,6 млн га алаңдағы 37 мыңнан астам пайдаланылмайтын жер учаскелерін анықтады.
 Нәтижесінде, кадастрлық құны 149 миллиард теңге болатын 11 мыңға жуық жер учаскелері (4 миллион гектар) мемлекетке қайтарылды. 


НАҚТЫ БІР СҰРАҚ ҚЫЗЫҚТЫРА МА?

Сізді қызықтыратын қызметтер туралы бізге сұрақ қойыңыз немесе жиі қойылатын сұрақтардың жауаптарын қараңыз 
Узнать

БІЗДІҢ АСПАПТАР

БІЗ ЖҰМЫС ІСТЕЙТІН ҒАРЫШ СЕРІКТЕРІ