ҚАЗ   РУС   EN   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШ САПАРЫ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ 

БАСШЫЛАР ҚҰРАМЫ


ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП 2019 ж.

ҚҰРЫЛЫМ


АРХИВ ПРОТОКОЛОВ ЗАСЕДАНИЙ СОВЕТА ДИРЕКТОРОВВ

сертификаттар

БІЗ ЯНДЕКС КАРТАСЫНДА 

компания туралы

Компания міндеті – Қазақстан мүддесі үшін ғарыштық технологиялар, өнімдер мен қызметтерді енгізу. Сондай-ақ, бәсекеге қабілетті ғарыштық жүйені өздігінен жобалау, жасау және пайдалану, сондай-ақ, аумақтық және халықаралық нарықта сұранысы жоғары болатын сапалы қызмет көрсету.

Компания іс-әрекетінің негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының ғарыш қызметі саласында қолданыстағы және ұзақ мерзімді салааралық бағдарламаларды жасауға қатысу Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық тапсырмаларын орындауға бағытталған ғарыштық технологияларды енгізу Ғарыштық жүйелер мен кешендерді құру бойынша тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу

Корпоративті басқару – Қоғам корпоративті басқарудың маңыздылығын түсіне отырып, оның принциптерін енгізуге үлкен назар аударады. Қоғамда корпоративті басқару Кодексі бекітілген. Қоғам жалғыз Акционердің, Қоғам менеджментінің және қызығушылық танытатын тұлғалар мүдделерінің тепе-теңдігін сақтауға ұмтылады. Қоғамның корпоративтік басқару жүйесі бірнеше корпоративтік деңгейлердің өзара байланысын қамтиды: жалғыз акционер, директорлар кеңесі, Қоғамның атқарушы органы, сонымен қатар еншілес және тәуелді ұйымдарды басқарудың ұқсас органдары.


«Казкосмос» Ұлттық компаниясы» жарғы капиталында 100 пайыз мемлекеттің қатысуымен 2005 жылы 17 наурызда құрылды. 2007 жылы 2 тамызда компания «Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы болып өзгертілді.

Тапсырыс тартуды, оларды өнімдік бағыттар мен функциялар бойынша құрылған еншілес және тәуелді ұйымдарға үйлестіруді қамтамасыз етеді. 

1. ғарыштық аппараттар мен ғарыштық техника бөлшектерін жобалау, құрастыру және сынау

 2. ЖҚЗ пайдалану және ЖҚЗ деректерін беру 

3. Жоғары дәлдікті ғарыштық навигацияның жерүсті инфрақұрылым жүйесін пайдалану, навигациялық қызмет ұсыну.

Ғарыштық іс-әрекет өнімнің ерекше жоғары деңгейін талап етеді, сондықтан ол озық технология мен шешімге бағытталған. Компанияның сапа менеджменті жүйесі халықаралық және қазақстандық стандарт талаптарына сәйкестігіне сертификатталды ( ISO 9001 и СТ РК ИСО 9001).

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының негізінде 2007 жылы консультативтік-кеңесші орган – «Ғарыштық қызмет» стандарттау бойынша ТК 66 техникалық комитет құрылды. ТК 66 2008 жылдан бері «Авиация және ғарыштық аппараттар» СХҰ/ТК 20 Халықаралық техникалық комитет құрамына кіреді.

Компанияның бекітілген құрылымына сәйкес, Директорлар кеңесі компанияның ағымдағы тапсырмалар шешімін басшылығында Төраға тұратын Басқармаға өкілеттік ете отырып, компанияның жалпы қызметін басқарады. Директорлар кеңесінің міндетіне және құзырына Компанияның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін тапсырмаларына сәйкес келетін, компанияның перспективті дамуының өзекті мәселелері бойынша шешімдер әзірлеу және қабылдау жатады. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ корпоративті басқару саясаты мен тәжірибесін ұдайы жетілдіреді. Компанияда компания құндылықтарын, сондай-ақ, оның жұмысының негізі мен сыртқы байланысын анықтайтын корпоративті басқару Кодексі жұмыс істейді.

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ


Батырқожа Азамат Байқуанышұлы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі


Шаймағамбетов Еркін Мұстафаұлы

«Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Басқармасының төрағасы


Олжабеков Мәлік Серікұлы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары

Жақыпов Айдар Бексұлтанұлы

«Nazarbayev University Research and Innovation System» ЖМ-нің Бас директоры

Аршабеков Жәнібек Нұрғалиұлы

Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, Инновациялар және Аэроғарыш өнеркәсібі Министрлігі Корпоративтік басқару департаментінің директоры

Ташенев Бақытбек Хакімұлы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасы

Каминский Дмитрий Константинович

 «Телекомпания «ЭРА» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінің Техникалық директоры

худайбергенов олжас абдумаликҰЛЫ

СТАРШИЙ ПАРТНЕР ТОВАРИЩЕСТВА С ОГРАНИЧЕННОЙ ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ «ЦЕНТР СТРАТЕГИЧЕСКИХ ИНЦИАТИВ»

Независимый директор

ЕНШІЛЕС КӘСІПОРЫН


ТОО «Ghalam»

ТОО «Ghalam» - 2010 жылғы Қазақстан мен Франция арасындағы серіктестік туралы келісім шеңберінде Ғарыштық аппараттарды құрастыру-сынау кешенін құру және оны одан әрі пайдалану жобасын жүзеге асыру мақсатында құрылған бірлескен қазақстандық-француздық кәсіпорын.   


Құрылтайшылар: Қазақстан жағынан - «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ (72%), ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитеті (0,5%), Франция жағынан «Airbus Defence&Space SAS» компаниясы (27,5%).

Председатель правления - Генеральный директор Кожаев Кайыржан Ерсайынович

Басқарма төрағасы – Бас директор - Қожаев Қайыржан Ерсайынұлы

https://ghalam.kz/ru/kompaniya#about

ПРЕДСТАВИТЕЛЬСТВО В ГОРОДЕ БАЙКОНУР

1 апреля 2006 года был создан Байконырский филиал АО «НК «ҚҒС». Основной задачей филиала являлось представление интересов компании на комплексе «Байконур». 

25 января 2015 года Байконырский филиал был реорганизован и на его базе создан отдел эксплуатации и содержания административного здания в г.Байконур. 

Основной задачей отдела является эксплуатация и содержание в исправном состоянии всех систем 7 этажного административного здания, площадью 5372,7 кв.метра и 5-ти этажного 40 квартирного жилого дома Компании в г.Байконур. 

ЗАО МЕЖДУНАРОДНАЯ КОСМИЧЕСКАЯ КОМПАНИЯ «КОСМОТРАС»

ЗАО Международная космическая компания «Космотрас» основана в 1997 году.

Основная цель деятельности: реализация программы РФ по использованию выводимых из эксплуатации ракет РС-20 для запусков на околоземную орбиту космических аппаратов.

В декабре 2010 года АО «НК «Қазақстан Ғарыш Сапары» имеет долю в размере 10% акций.

Исполняющий обязанности генерального директора Солодовников Евгений Валерьевич

Контакты: Российская Федерация 123100, г. Москва, ул. С. Макеева д 2. Стр.2
http://www.kosmotras.ru/company/

Фотографии взяты с официального сайта  http://www.kosmotras.ru/gallery/

Компанияның дистрибьютерлері мен әріптестері