ҚАЗ   РУС   EN   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚСТАН ҒАРЫШ САПАРЫ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

БАСШЫЛАР ҚҰРАМЫ

В КОМАНДЕ ПРОФЕССИОНАЛЫ


Айымбетов Айдын Ақанұлы

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы . 

 1972 жылы туған. Жұмыс өтілі – 26 жыл. 

 1993 жылы Армавир жоғары әскери авиациялық училищесін, 2006 жылы І. Жансүгіров атындағы Талдықорған университетін, 2018 жылы Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясын аяқтады. 

 1993 жылы мамырда Қазақстан Республикасының әскери-әуе күштері қызметіне түсті, ұшақтың 4 түрін меңгерді (Л-39, Миг-23, МиГ-23МЛД, Миг-27, Су-27), ұшу уақыты - 470 сағаттан астам. 

 2003 жылдан 2009 жылға дейін Ю.А. Гагарин атындағы «Звёздный городок» (Жұлдызды қалашық) ғарышкерлер дайындау орталығында жалпы ғарыштық дайындықтан өтті. 

 2009 жылдан бері Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік және мемлекеттік секторларында басшылық лауазымдарында:

 - Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі Төрағасының кеңесшісі;

 - ҚР ҰҒА Ғарыш қызметін дамыту департаментінің директоры;

 - Академик Ө.М. Сұлтанғазин атындағы Ғарыштық зерттеулер институты ғарыштық технологияларды ақпараттық-білімдік қамтамасыз ету бөлімі бастығының орынбасары; 

 - «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ «Ғарыштық зерттеулер институты» ЖШЕС директорының орынбасары; 

 - 2012 жылғы көктемде Астана қ. Оқушылар сарайындағы жас ғарышкерлер мектебінде сабақ берді, «3D модельдеу» үйірмесін басқарды;

 - 2015 жылғы қыркүйекте «Союз ТМА-18М» ғарыш кемесінің бортинженері ретінде Халықаралық ғарыш станциясына ұшты.  

Қазақстан Республикасының ұшқыш-ғарышкері (12.10.2012), «Халық Қаһарманы» (14.10.2015) атағына және «Қазақстанның ұшқыш-ғарышкері» (14.10.2015) құрмет атағына ие болды, «Отан» орденінің кавалері (14.10.2015). 

 2016 жылғы қаңтарда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Ғарыш жүйелерін жасау және пайдалану жөніндегі Вице-президенті болып тағайындалды, 2019 жылғы 26 ақпанда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына – Өндіріс жөніндегі Басқарма мүшесі болып қайта сайланды.

2020 жылғы сәуір айынан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына қайта сайланды.

2021 жылғы қыркүйек айынан бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды.

САДВАҚАСОВ МАҚСАТ БАУРЖАНҰЛЫ

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары.

1981 жылы туған. Жұмыс өтілі – 16 жыл.

2002 жылы Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетін, 2005 жылы – Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық Университетін аяқтады.

«Кабанбай - 1» ЖШС құқықтық және коммерциялық сұрақтар бойынша директор орынбасары (03.2005 – 06.2008 жж.);

«БРК - Лизинг» АҚ менеджері, бас менеджері, № 1 Жобалық дирекцияның басшысы (06.2008 – 01.2012 жж.);

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Астана қаласы бойынша филиалы «Есіл» ауданының бөлім бастығы (01.2012 – 09.2012 жж.);

«Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК Астана қаласы бойынша филиалы директорының орынбасары (09.2012 – 04.2013 жж.);

«pNetworks» ЖШС атқарушы директоры (04.2013 – 01.2017 жж.);

«Қазпочта» АҚ филиалы - Техникалық қызмет директорының орынбасары, Астана қ. (01.2017 – 08.2017 жж.);

«Astana Hub» IT-стартаптардың халықаралық технопаркі» Корпоративтік қоры Бас директорының орынбасары, басқарушы директор (11.2017 – 08.2021 жж.);

2021 жылғы 1 қыркүйегінен бастап «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымына сайланды.





ЗЕРНОВ ДМИТРИЙ ЮРЬЕВИЧ


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары 1986 жылы туған. 

Жұмыс өтілі – 12 жыл. 

 2008 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін аяқтады.

 2018 жылы «МИФИ» Ұлттық зерттеу ядролық университеті жоғары білімнің федералдық мемлекеттік автономиялық білім беру мекемесін бітірді. 

 Еңбек жолын «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Жерүсті ғарыштық инфрақұрылымын жасау және пайдалану орталығының Жоғары дәлдікті ғарыштық навигациялық жүйені (ЖДҒНЖ) жобалау басқармасы ЖДҒНЖ жүйелі жобалау бөлімінің маманы ретінде бастады. 

Одан кейін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ түрлі лауазымда қызмет атқарды. 

 - Жоғары дәлдікті навигациялық жүйе орталығы ЖДҒНЖ техникалық қамтамасыз ету және енгізу басқармасы Жүйені талдау және дамыту бөлімінің жетекші маманы (04.2009-04.2010);

 - Жоғары дәлдікті навигациялық жүйе орталығының ЖДҒНЖ жобалау басқармасы Жүйені жобалау және дамыту бөлімінің жетекші маманы (04.2010-09.2010); 

 - Жоғары дәлдікті навигациялық жүйе орталығының ЖДҒНЖ жобалау басқармасы Жүйені жобалау және дамыту бөлімінің бас маманы (09.2010-04.2011);

 - Жоғары дәлдікті навигациялық жүйе орталығының Дифференциалдық түзету және мониторинг бөлімінің бастығы – жетекші инженер (04.2011-03.2016);

 - Жоғары дәлдікті навигациялық жүйе орталығының бас инженері (06.2016-12.2017);

 - Жоғары дәлдікті навигациялық жүйе орталығы директорының міндетін атқарушы (12.2017-02.2019);

 - Стратегия және даму орталығының директоры (02.2019-10.2019);

 - Жерді қашықтықтан зондтаудың ғарыштық жүйесін дамыту жөніндегі атқарушы директор (10.2019-04.2020). 

 2020 жылғы ақпанда «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.