Қазақстан Ғарыш Сапары мен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымы Жерді қашықтан зондтау саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады
28 қыркүйекте Астана қаласында «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Қайыржан Қожаев пен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының (IOFS) Бас директоры, Елші Берік Арынның кездесуі өтті.
Тараптар Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттерде ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігін қолдау үшін Жерді қашықтан зондтау деректерін, спутниктік мониторинг пен геокеңістіктік талдауды қолдану мәселелерін талқылады.
Қолданыстағы технологиялар негізінде пилоттық бастаманы іске асыру мүмкіндігіне ерекше назар аударылды. Тараптар жерасты суларының картасын жасау, ауыл шаруашылығындағы құрғақшылықты мониторингтеу, суаруды және егістіктің жай-күйін бағалау, сондай-ақ жайылымдар мен шегірткенің таралуын мониторингтеу бағыттарын қарастырды. Бұл бағыттар әлі де қосымша пысықтауды қажет етеді.
Кездесу қорытындысы бойынша ғарыштық технологиялар мен геокеңістіктік шешімдерді қолдану саласындағы одан әрі ынтымақтастықтың негізін айқындайтын өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.