Қазақстан мен Конго ғарыш саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Конго Республикасы Президентінің стратегиялық және халықаралық мәселелер жөніндегі министр дәрежесіндегі жеке өкілі Франсуаза Жоли бастаған делегация Ұлттық ғарыш орталығына барды.

IMG_7706 (1).JPG


IMG_7648 (1).JPG


IMG_7655 (1).JPG


IMG_7657 (1).JPG


IMG_7659 (1).JPG

Делегация Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму вице-министрі Мәлік Олжабековпен кездесті. Тараптар ғарыш саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуды талқылады.

Сапар Қазақстан мен Конго арасындағы әріптестікті нығайтуға, сондай-ақ ғарыш технологиялары мен Жерді қашықтан зондтау салаларындағы бірлескен бастамаларды дамытуға бағытталған кезекті қадам болды.