«Қазақстан Ғарыш Сапары» қызметкерлері халықаралық оқу бағдарламаларында алған тәжірибелерімен бөлісті
«Қазақстан Ғарыш Сапа
ры» ҰК» АҚ-да қызметкерлердің халықаралық оқу барысында алған білімі мен тәжірибесімен бөлісуге арналған ішкі семинар өтті. Мамандар өздері қатысқан бағдарламалардың негізгі тақырыптарын таныстырып, меңгерген тәсілдерді компания жұмысында қолдану мүмкіндіктері туралы баяндады.
Семинар бағдарламасы метеорологияда Жерді спутник арқылы қашықтықтан зондтауды (ЖҚЗ) қолдану, энергетикалық ауысу және тұрақты даму, спутниктік ЖҚЗ технологиялары мен робототехника тақырыптарын қамтыды.
Таныстырылған бағдарламалардың бірі — 2026 жылғы 9–22 қыркүйек аралығында Қытайда өткен «Бір белдеу, бір жол» бастамасына қатысушы елдерге арналған Жерді спутник арқылы қашықтықтан зондтау технологиялары жөніндегі халықаралық семинар.
Оған KGS мамандары Анель Ислямова, Батырулан Аймышев және Дмитрий Чумаченко, сондай-ақ «Ғалам» ЖШС маманы Аружан Итыбаева қатысты. Оқуды ҚХР Сауда министрлігінің қолдауымен Нанкин ақпараттық ғылымдар және технологиялар университеті (NUIST) ұйымдастырды.
Қытайдағы оқу бағдарламасы «Фэнъюнь» (FengYun) метеорологиялық спутниктер жүйесін, жылулық инфрақызыл және гиперспектрлік түсірілім технологияларын, спутниктік деректерді ауа райын болжауда, ауыл шаруашылығында және экологиялық мониторингте пайдалануды зерделеуді қамтыды. Қатысушылар құрғақшылық пен топырақтың жай-күйін бақылау, суару қажеттілігін анықтау үшін спутниктердің, ұшқышсыз ұшу аппараттарының және жерүсті датчиктерінің деректерін біріктіру тәжірибесімен де танысты.
Компания мамандары алған білімдерін құрғақшылықты, егістіктердің жай-күйін және төтенше жағдайларды спутниктік мониторингтеу барысында, соның ішінде «Фэнъюнь» спутниктерінің ашық деректерін пайдалана отырып қолдануды жоспарлап отыр.
Ішкі семинар алған білімді әріптестермен бөлісуге және оның компания қызметі үшін практикалық маңызын қарастыруға бағытталды.