KGS-те ағымдағы мәселелер талқыланып, жаңа тағайындаулар жарияланды
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-да жұмыс кеңесі өтіп, компания қызметінің ағымдағы мәселелері талқыланды.
Кеңес барысында ұжымға Басқарма төрағасының орынбасарлары - Басқарма мүшелері болып тағайындалған Заман Дәулетжанұлы Шалғымбаев пен Аманат Тауболдыұлы Умбетбаев таныстырылды.
Заман Шалғымбаевтың мемлекеттік басқару, цифрландыру және ақпаратты қорғау салаларында жұмыс тәжірибесі бар. ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен ҚР ҰҚК Шекара қызметінде басшылық лауазымдарды атқарған, ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Заң департаментін басқарған. Қазақ мемлекеттік заң университетін және М. В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің MBA бағдарламасын бітірген.
Аманат Умбетбаевтың ғарыш саласында, халықаралық ынтымақтастық және бизнесті дамыту бағыттарында жұмыс тәжірибесі бар. Аэроғарыш комитетінің Халықаралық байланыстар басқармасын басқарған, KGS-те басшылық қызметтер атқарған, «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ-ның корпоративтік хатшысы болып жұмыс істеген. Осы тағайындауға дейін KGS-тің басқарушы директоры - Басқарма мүшесі қызметін атқарған. ҚМЭБИ мен «Тұран-Астана» университетін бітірген, Назарбаев Университетінің мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие.