Құтқарушылар күніне орай азаматтық қорғау міндеттерін шешуге үлес қосып жүрген KGS мамандарының еңбегі атап өтілді.


IMG_8415 (1).JPG

Компанияның кеңістіктік аналитика департаментінің бас менеджері Ермек Найманбаев ҚР Төтенше жағдайлар министрінің грамотасымен марапатталды.

KGS-тің жерсеріктік деректері мен аналитикасы су тасқыны мен өрттерді бақылауға, зардап шеккен аумақтарды бағалауға және жедел шешім қабылдауға көмектеседі. Бұл жұмыс компанияның, ТЖМ мен басқа мемлекеттік органдардың азаматтардың қауіпсіздігі жолындағы күш-жігерін біріктіреді.

Әріптесімізді марапатымен, барша құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтаймыз!