Перейти к содержимому

«Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясында Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті


IMG_8565.JPG.jpeg

IMG_8576.JPG.jpeg


IMG_8601.JPG.jpeg

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-да Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі - Республика күніне орай салтанатты жиын өтті.

Іс-шара барысында компания басшылығы ұжымды мерекемен құттықтап, еліміздің дамуына, ғарыш саласының әлеуетін нығайтуға және Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін арттыруға үлес қосып жүрген қызметкерлерге алғыс білдірді.

Республика күні - егемендігімізді, ел бірлігі мен мемлекеттілігімізді айшықтайтын ерекше мереке.

Барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаймыз! Елімізге өркендеу, тұрақтылық және жаңа жетістіктер тілейміз!