Перейти к содержимому

"Қазақстан Ғарыш Сапары" Пәкістанда табиғи апаттардың алдын алуға арналған шешімдерін таныстырды


WhatsApp Image 2026-10-28 at 14.09.20 (1).jpeg

WhatsApp Image 2026-10-28 at 14.09.20.jpeg


WhatsApp Image 2026-10-28 at 14.09.21.jpeg


image.png

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ делегациясы Исламабадқа жұмыс сапарымен барды.

Пәкістанның Ғарышты және атмосфераның жоғарғы қабаттарын зерттеу жөніндегі комиссиясының (SUPARCO) штаб-пәтерінде ұйым төрағасымен кездесу өтті. Тараптар бірлескен жобалардың іске асырылу барысын және ынтымақтастықты одан әрі дамыту қадамдарын талқылады.

KGS Басқарма төрағасының орынбасары - Басқарма мүшесі Аманат Үмбетбаев SUPARCO мен БҰҰ-ның UN-SPIDER бағдарламасы бірлесіп ұйымдастырған «Leveraging Space Technology for EW4All, Climate Action and Disaster Risk Assessment» халықаралық конференциясының ашылуына қатысты. «EW4All - How Far Are We?» панельдік сессиясында ол табиғи апаттар туралы ерте ескерту, мониторинг жүргізу және апаттар қаупін бағалау үшін ғарыштық технологияларды қолдануға негізделген KGS шешімдерін таныстырды.

Сондай-ақ Аманат Үмбетбаев Pakistan TV мен Pak Connect-ке берген сұхбаттарында табиғи апаттардың алдын алудағы және олардың салдарын бағалаудағы ғарыштық технологиялардың рөлі туралы айтты.