Перейти к содержимому

«Қазақстан Ғарыш Сапары» компаниясында тілдік және этностық кемсітушіліктің алдын алу мәселелері бойынша семинар өтті

2026 жылғы 6 қарашада «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ алаңында «Тілдік және этностық кемсітушілікке жол бермеу: құрмет мәдениеті және сындарлы диалог» тақырыбында семинар өтті.

Іс-шара Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «QURMET: теңдік пен диалог аумағы» жобасы аясында ұйымдастырылды. Жобаның операторы - «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ, орындаушысы - «Қазақстандық Даму қауымдастығы» ЗТБ.

Семинардың негізгі мақсаты - қатысушылардың тілдік және этностық кемсітушіліктің алдын алу, адам құқықтарын қорғау мәселелері бойынша құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қоғамда өзара құрмет пен сындарлы диалог мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шара барысында тілдік және этностық кемсітушіліктің құқықтық аспектілері, адам құқықтарын қорғау тетіктері, сондай-ақ жанжал жағдайларының алдын алу және оларды реттеу жолдары қарастырылды.

Семинарда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры Әбжақов Асет және INTEGRITY ASTANA ұйымының жетекшісі Нұрғалиев Жанат сөз сөйледі.

Практикалық бөлім Case Lab форматында өтіп, қатысушылар нақты жағдайларды талқылап, кемсітушілік фактілеріне ден қою және жанжалдарды сындарлы шешу тетіктерін қарастырды.

Мұндай іс-шаралар
құқықтық мәдениетті арттыруға, теңдік қағидаттарын нығайтуға және қоғамда өзара
түсіністік пен құрметке негізделген орта қалыптастыруға ықпал етеді.
IMG_8676.JPG.jpeg


IMG_8089.JPG.jpeg


IMG_8090.JPG.jpeg