Қызылордада Өлшемдерді жинаудың біріздендірілген стансасы (ӨЖБС) іске қосылмақ.




1 (1).jpg

Өлшемдерді жинаудың біріздендірілген стансасын орнату үшін Қызылорда  облысының Қызылорда қаласы таңдалды. «Роскосмос» тапсырысы бойынша «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ӨЖБС іске қосу-баптау және монтаж жұмыстарын берілген уақытта аяқтады.

Аталмыш жұмыс ресейлік Ғаламдық навигациялық жерсеріктік жүйені (ГЛОНАСС) қолдану және дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы                      2008 жылғы 18 қыркүйекте № 862 ҚР ҮҚ бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметі арасындағы келісімге сәйкес орындалуда.
Жобаны іске асыру шеңберінде екі жақты шарт негізінде «Ресейлік ғарыштық жүйелер» АҚ және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Өлшемдерді жинаудың біріздендірілген стансасын Қызылорда қаласында орнату үшін жұмылдырылды.
Ағымдағы жылдың 29 шілдесінде Ресей өкілдігі біріздендірілген стансасын іске қосуға қатысты жұмыстарды қабылдап алу үшін Қазақстанға келді. Монтажға қажетті барлық жұмыстар уақтылы орындалды, оның ішінде бейнебақылау, өрт сөндіру және ауаны баптау жүйесі орнатылды. Біздің мамандардың ұйымдастыру жұмысын жоғары бағалаған ресейліктер, стансаның дайындығын атап өтті.
ҒНЖЖ (ГЛОНАСС) және GPS жүйелерін бірге қолдану кезінде дифференциалдық түзету және бақылау жүйесінің түзету ақпаратын қолдана отырып, тұтынушының орнын анықтау абсолютті қателігі 0,5 м аспайды. ҒНЖЖ өлшемін пайдалану кезінде берілген дәлдікке қол жеткізу үшін навигациялық қабылдағыш қажет.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандарының осы бағытта үлкен тәжірибесі болғандығын атап өту қажет. 2017 жылы екі жақты шарт шеңберінде олар Назарбаев Университетінде осындай Өлшемдерді жинаудың біріздендірілген стансасын орнатқан еді.#кгс #казакстангарышсапары #байконур #усси #глонасс.