Ғарыштық деректер бойынша Атырау облысындағы өрт аумағы бір тәулікте 400 га ұлғайған.

пожар в Атырауской обл.jpg

Баспасөз хабарламасы 23 тамызда Атырау облысының аумағында өрт басталған еді. Ол қазіргі уақытта «Ақжайық» Мемлекеттік табиғи резерватына өтуде. Атырау облысы Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекциясының дерегіне сүйенсек, өрт осы өңірдегі ауылдық округінің аумағында шөпті өртегеннен шығып отыр.  «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандары осы аумақты ғарыштық аппараттардың көмегімен бақылап, жауапты өкілдермен байланыс ұстауда. Компанияның Кеңістіктік департаменті ТЖ және табиғи ресурстарға мониторинг жүргізу басқармасы ТЖ бөлімінің инженері Манар Касеинов ғарыш деректері бойынша өңделген барлық ақпаратты бірден Атырау облысының мамандарына жолдайды және «Ақжайық» МТР бас маманы Рустам Қаленовпен әрқашан байланыста.

пожар в Атырауской обл 2.jpg

23-26 тамыздағы суреттерге жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша тілсіз жау жалпы 3 625,1 га аумақты қамтығаны анықталды. «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аумағында өртенген жердің ауданы 189,1 гектарды құрайды. 46-шы кварталдағы №4,5,6,8 телімдер  өртке оранды. Біздің мамандар өңдеген суреттерде 24-26 тамыз аралығында өрт 1037,1 гектарға ұлғайғаны көрсетілген. Қазіргі уақытта өрттің белсенділігі артуда, соңғы термальды нүктелер Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен 27 тамызда таңғы 05:18-де тіркелді. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары антропогендік құбылысты бақылауды жалғастыруда.

Қажет болған жағдайда жаңартылған мәліметтер ұсынатын боламыз.                                                                                                                                                                  

 
пожар в атыруской обл 4.jpg
пожар в Атырауской обл3.jpg