30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күні!
Құрметті «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қызметкерлері!
Сіздерді Ата Заң күні мерекесімен құттықтаймын!
25 жыл бұрын қабылданған Конституция – еліміздің Егемендігін айшықтайтын ең басты заң. Ата Заңымызда «оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» деп белгіленген, сондықтан осы құрылтай құжат арқасында елімізде 130-дан аса түрлі ұлт өкілі бірлік пен ынтымақта өмір сүруде, ал Қазақстан өзге елдермен саяси және экономикалық қарым-қатынасын дамыта отырып, жарқын болашаққа нық қадам басып келеді.
Конституция күнімен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, еңбектеріңізге табыс, ал елімізге бейбіт өмір және кемел келешек тілеймін!
Ізгі тілекпен,
Басқарма төрағасы Е. Шаймағамбетов