Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен

1 (3).png

Құрметті Отандастар!

     Сіздерді Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Күнімен құттықтаймыз! Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясаты мен көреген көсемдігінің арқасында іске асып жатқан алып жобалар мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі.
     Тұңғыш Президентіміздің 2012 жылдың 14 желтоқсанында жарияланған «Қазақстан-2050» Стратегиясы» – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «2030 жылға қарай Қазақстан ғарыш қызметтерінің әлемдік нарығындағы өз тауашасын кеңейтіп, басталған бірқатар жобаларды қисынды аяқтауға дейін жеткізуге тиіс» деп индустрияландырудың жаңа бір белесіне міндет қойған болатын. Сол міндет жолында қылған еңбектеріңіз табысты бола бергей! Дендеріңіз сау болып, бақытты күндеріңіз көбейе түссін! Қанаттарыңыз талмай, жұлдыздарға самғай беріңіздер!

Ізгі Тілекпен,

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ