Ағымдағы жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар минис...


Ағымдағы жылдың 30 қарашасында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы шақыруымен ХІХ Бассейндік Кеңес Отырысына «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ атынан Су ресурстарын бақылау бөлімінің басшысы Аипова Аягөз Асуланқызы және гидролог, PhD докторы Алагуджаева Манира Амангелдіқызы қатысқан болатын.

Жыл сайын жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер), уәкілетті бөлімдер және министрліктер өкілдерінің (Су ресурстары комитеті мен оған бағынышты ұйымдар, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, «Қазгидромет» РММ, «Астана Су Арнасы» МКК және т.б.)   қатысуымен өтетін Бассейндік Кеңес су ресурстарын тиімді қолдану мен қорғау мәселелерін талқылауды мақсат етеді. Биылғы отырыс барасында Есіл өзені белдеуі мен су қорғау аймағындағы режимді сақтау, гидротехникалық құрылыстардың жағдайы, су тасқыны болжамы, өзен ағысы табанын тереңдету және тазалау, ауыз су және тұрмыстық сумен астананы қамтамасыз ету жағдайы секілді көптеген маңызды мәселелер күн тәртібінде болды. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ өкілдері қатысушыларды Есіл, Сілеті және Шағалалы өзендерін ғарыштан бақылау бойынша қолдағы нәтижелермен таныстырып шықты. Өзен белдеулері мен су қорғау аймақтарын ғарыштан бақылау, өзен ағысының салалану үрдісін жасанды жерсеріктері көмегімен бағалау (өзен ағысының шөгуі, ұлғаюы және бұзылуы), су тасқыны болжамы мен мұз қату жағдайын талдау бойынша жасалған жұмыстар жиындағылардың ерекше назарын аударды.

Қорытындылай келе:

-          Жерді Қашықтықтан Зондтау (ЖҚЗ) және Географиялық Ақпараттық Жүйе (ГАЖ) технологиялары арқылы алынған мәліметтерді су шаруашылығында қолдану нәтижелері жоғары бағаға ие болды;

-          Кеңес қатысушылары гидрологиялық және аралас салалардағы зерттеулерде геокеңістіктік талдау тәсілдерін ары қарай да қолдану қажеттілігін атап өтті.

Төменгі бөлімде бақылау нысандарының жағалық белдеулері мен су қорғау аймақтарын талдауда, олардың жағдайын бағалауда, өзен ағысының салалану үрдісіне жасанды жерсеріктік баға беруде және цифрлы векторлық сызбалық карталарын жасауда қолданылған ғарыштық рәсімдер топтамасы көрсетілген.

 

1-рәсім. Есіл өзенінің су қорғау аймағы шегінде жыртылған жерлердің сызбалық картасы (Ақмола облысы, Қазақстан Республикасы).

                                                 
r1 (1).jpg

2-рәсім. Есіл өзенінің аумағындағы су қорғау аймағы мен белдеулеріндегі мал жайылымдарының схемалық картасы (СҚО, ҚР)

r2 (1).jpg
         

3-рәсім. Инфрақұрылым нысандарының схемалық картасы

 

r3 (1).jpg
 
r4 (1).jpg

 

 

4-рәсім. Жалпыға қол жетімді пайдалы қазбалар кенішінің схемалық картасы        

 

r5 (1).jpg

5-рәсім. Өндіріс және тұтыну қалдықтары полигондарының орналасуы

 

r6 (1).jpg

 

6-рәсім. Есіл өзенінің шөгу үрдісі

r7 (1).jpg
   
r8 (1).jpg
 



Ссылка на статью в Казинформ https://www.inform.kz/ru/proveden-kosm...olos-rek...