Орман ресурстары ғарыштық мониторингінің өзектілігі: ҚР Ақмола облысы

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Кеңістіктік деректер департаментінің Төтенше жағдайлар және табиғи ресурстар мониторингі басқармасы мемлекеттік органдармен бекітілген техникалық сипаттамаға сәйкес ғарыштық мониторингті табысты іске асыруда. Ақмола облысы орман шаруашылығы инспекциясымен бірге жұмыс атқарған инженерлеріміздің қажырлы еңбегіне тағы да куә болдық.

0 (1).jpg

("Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ Кеңістіктік деректер департаменті Төтенше жағдайлар және табиғи ресурстар мониторингі басқармасының мамандары шетелдік әріптесімен)

Жұмыс барысымен танысу үшін біз Ақмола облысына жауапты «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Кеңістіктік деректер департаменті Төтенше жағдайлар және табиғи ресурстар мониторингі басқармасы Орман ресурстары мониторингі бөлімінің 2 санатты инженері Маңғыбаева Бану Кендебайқызымен сөйлестік.

- Бану Кендебайқызы, орман ресурстарының ғарыштық мониторингінің артықшылықтары туралы айтып берсеңіз?

Ғарыштық мониторингтің арқасында біз Қазақстан Республикасының мемлекеттік орман қорының орасан зор аумағын және өзге де қол жету қиын аумақтарды бақылай аламыз. Сондай-ақ ЖҚЗ (Жерді қашықтықтан зондтау) және ГАЖ (геоақпараттық жүйе) деректерін тақырыптық өңдеу және интерпретациялау арқылы қысқа мерзімде орман ресурстарының өзгерістері туралы, мысалы, ағаш кесілген жерлер мен орман өрттері туралы қажетті ақпарат алуға, ауданын есептеуге, координаттарын анықтауға және «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ қабырғасында жасалған геосервистер арқылы бақылаушы органдарды жедел хабардар етуге болады.

- Біздің компания түрлі жергілікті органдармен, соның ішінде табиғи ресурстарға бай Ақмола облысының жергілікті атқарушы органымен тығыз ынтымақтастық орнатқан. Осы аймақтың Орман шаруашылығы инспекциясымен жұмыс тәжірибеңіз туралы айтсаңыз?

2018 жылы Қазақстан Республикасында ғарыштық мониторинг жобасы іске асырыла бастағаннан бері мониторинг еліміздің барлық өңірлерінде жүргізіледі. Күн сайынғы негізде  Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі (ЭГТРМ) Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің (ОШЖДК) барлық аумақтық облыстық инспекцияларымен өзара жұмыстар жүзеге асырылып отыр. Деректерді геосервиске жүктеуде ғаорыштық түсірілімдерді өңдеуден басқа, нәтижелерді жергілікті жерде дешифрлеу үшін барлық облыстарға далалық жұмыстарға шығу әрекеті жүзеге асырылады. 2018-2019 жылдары далалық жұмыстар барысында Ақмола облысының мамандарымен ЖҚЗ деректерін жергілікті жерде далалық сәйкестендіру жұмыстары жүргізілді. Облыстық аумақтық инспекция және Ақмола облысының табиғатты қорғау прокуратурасының мамандарымен бірлесіп ЖҚЗ деректерін өңдеу нәтижелері, атап айтқанда – орман ағаштарын заңсыз кесу мен бөлу және таксациялау ережелерінің бұзылғандығы расталды. Жергілікті жерлерде аумақтық инспекция мамандарының және орманшылардың қазіргі заманғы GPS-құрылғыларымен толықтай жабдықталмауы немесе құрылғылардың мүлде болмауы сияқты кемшіліктер мен қағаз бетіндегі ескі жоспарларды қолдану нәтижесінде жоспарлы ағаш кесу кезінде қателіктер жіберілгені анықталды. Алайда, ҚР ЭГТРМ КЛХЖМ жұмыстарының арқасында бұл мәселелер біртіндеп жергілікті аймақтарды өз шешімін табуда. Бүгінгі таңда салалық геосервисте жарияланған ғарыштық мониторинг нәтижелерін облыстық аумақтық инспекциялар мен табиғатты қорғау прокуратурасының мамандары күнделікті жедел жұмыс үшін табысты пайдаланып келеді.

1 (3).jpg

(Ақмола орман шаруашылығы инспекциясының мамандарымен далалық жұмыстар, тамыз, 2019)

- Орман ресурстарын мониторингілеу бөлімінің болашаққа қандай жоспарлары бар?

Ғарыш мониторингінің жоғары тиімділігін бағалай отырып, ЭГТРМ ОШЖДК мемлекеттік орман қоры аумағы бойынша заңсыз құрылыстарды анықтау үшін ғарыш мониторингі міндеттерін кеңейтуге сұрау салды. Жұмыс барысында мемлекеттік орман қоры лицензиялық шекараларындағы объектілер (орналасқан жері, географиялық координаттары және т.б.) туралы ақпарат берілетін болады. ҚР ЭГТРМ ОШЖДК ұсынған деректер бойынша құрылыстың заңдылығын растайтын құжаттың болуы тексеріледі деп күтілуде.

Келесі жылы "ҚР Павлодар облысы мысалында ЖҚЗ және ГАЖ технологиялары негізінде орманның тұқымдық құрамын анықтау, ағаш кесілген жерлерді дешифрлауды автоматтандыру, орманды қалпына келтіру мониторингі үшін әдістемені әзірлеу" ғылыми жобасын басқарма бастығы, г.ғ.к., PhD Г.А. Кабдулованың басшылығымен ормандардың тұқымдық құрамын айқындаудың ғылыми негізделген әдістері жүйесін әзірлеу, ағаш кесілген жерлерді дешифрлеуді автоматтандыру, ЖҚЗ деректері негізінде орманды қалпына келтіру мониторингі мен зерттелетін аймақты басқару және экологиялық бақылаудың ашықтығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін геокеңістіктік талдау жүргізу жұмыстарын іске асыру жоспарлануда. Бұдан әрі, бұл әдістер 3 жыл ішінде орман шаруашылығында ЖҚЗ және ГАЖ деректерін өңдеуде жинақталған үлкен практикалық тәжірибені ескере отырып, ҚР барлық облыстарына қолданылатын болады. Автоматтандыру - бұл орман ресуртарының ғарыштық мониторингін дамытудың келесі қадамы.

Орман ресурстарының ғарыштық мониторингінің маңыздылығын ескере отырып, сіздердің назарларыңызға Ақмола облыстық орман шаруашылығы инспекциясы дайындаған бірлескен жобалар туралы бейнероликті ұсынамыз:

(сілтеме: https://www.facebook.com/1000226209462...36651/?d=n)