"Ғарыштық технологиялар мен нақты салалық міндеттердің тоғысуы - бұл тек қызықты ғана емес, тиімді", - деді Бағдат Мусин

2B5A9760.jpg

           Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапары аясында «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозин бастаған Ресей Федерациясынан делегация келді. Кездесу «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ ғимаратында өтті, оған Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары Мәлік Олжабеков, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ төрағасы Еркін Шаймағамбетов және төрағаның орынбасарлары Айдын Айымбетов пен Дмитрий Зернов қатысты.

       Кездесу барысында ЖҚЗ деректерін өңдеу технологияларын дамытуды қоса алғанда, Жерді қашықтықтан зондтау (ЖҚЗ) ғарыш жүйелерін дамыту бағытында елдер арасындағы өзара ынтымақтастықтың маңызды мәселелері қозғалды.

      Қазақстан тарапы айыру қабілеті орта ЖҚЗ жерсеріктері топтамасын құру жөніндегі жобаны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Экономика салаларындағы ғарыштық мониторингтің нәтижелерін ұсынды. «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Ауыл шаруашылығы өндірісін мониторингілеу басқармасының бастығы Гүлнар Қабжанова негізгі бағыттар туралы атап айтқанда, егістіктердің мониторингі, ормандар мен су объектілерінің мониторингі, жайылымдардың мониторингі, қатты-тұрмыстық қалдықтардың мониторингі, ТЖ және жер қойнауын пайдалану мониторингі туралы айтып берді.

      Министр ғарыш түсірілімдерінің барлық бағыттар бойынша объективті көрініс беретінін атап өтті. "Ғарыштық технологиялар мен нақты салалық міндеттердің түйісуі - бұл тек қызықты ғана емес, сонымен бірге тиімді", - деп Бағдат Мусин атап өтті.

      Ресей тарапы, сондай-ақ ЖҚЗ деректерін талдау саласындағы өз әзірлемелерін және олардың бизнеске арналған қосымшаларды қоса алғанда, түрлі салалық міндеттерді шешуде қолданылуын ұсынды.

      Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің қалыптасатын ЖҚЗ ғарыш жүйелерімен ЖҚЗ деректерін пайдалану мәселелерін пысықтау, сондай-ақ перспективалы ЖҚЗ ғарыш жүйелерін құру және дамыту мәселелерін талқылау бойынша бірлескен жұмыс тобын құру туралы келісімге келді.

2B5A9753.jpg

2B5A9764.jpg

2B5A9771.jpg

2B5A9769.jpg

2B5A9775.jpg

Баспасөз қызметі

"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК " АҚ"