Ғарышты зерттеуге 29 жыл арнаған әйел


7c5ded08-eb0d-45e5-bfc8-6e0989b4e43e (1).jpg

Жерді ғарыштық қашықтықтан зондтау, ғарыш түсіруді жоспарлау... Осымен әйел адам қалай айналысатыны ойға сыймсыз екені рас, алайда бұл оңай және қарапайым екен!

Біздің компанияда ғарыш саласында бірнеше ондаған жылдар бойы жұмыс істеген әйелдер бар. Оның жарқын мысалы - Асыл Үмітқұлқызы Бақашева, жалпы еңбек өтілі 33 жылды құрайды, оның ішінде 29 жылын ол ғарышты зерттеуге арнаған.

Бүгінде ол - түсірілімді қамтамасыз ету басқармасының басшысы. Жоғары және орта ажыратымдылықтағы спутниктер жүйесінің жағдайын талдаумен, жоғары ажыратымдылықтағы ұшу динамикасын бақылаумен айналысады.

Айта кетерлігі, Асыл Үмітқұлқызы – мамандығы бойынша инженер, әкесінің жолымен жүрді. Бала кезінен оған физика, химия және математика сынды нақты ғылымдар берілді. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын қызыл дипломмен бітірген. Бөлу бойынша жас маман сол кезде қорғаныс өнеркәсібінің тапсырыстарын орындаған электр зауытына жолданған. Содан кейін Алматы қаласында органикалық катализ және электрохимия институтында металлофизика зертханасының инженері болып жұмыс істеді. Кейіннен 1991 жылы зертханалар ғарыштық зерттеулер институтына енгізілді. Институттағы 12 жыл ішінде Асыл Үмітқұлқызы инженерден аға ғылыми қызметкерге дейін еңбек жолын өтіп, кандидаттық диссертация қорғады. 2005 жылы ол Астана қаласының ғарыштық зерттеулер институтының филиалына ауыстырылды. Бір жылдан кейін Асыл Бақашева ғарыштық мониторинг орталығының директоры қызметіне тағайындалды.

2011 жылы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ-да спутникті пайдалану тобының орташа рұқсат миссиясын жоспарлау инженерінің тағылымдамасына байқаудан өтті. 2012 жылдан бастап 2013 жылға дейін Astrium компаниясында ғарыш жүйелері бойынша кіріспе курстарында тағылымдамадан өтті және SSTL-де орташа рұқсатты спутниктің ғарыш жүйесі бойынша тәжірибелік оқудан өтті.

Бүгінгі таңда Асыл Бақашева компанияда жұмысын жалғастыруда және отандық ғарыш саласының дамуына үлес қосуда.

Асыл Үмітқұлқызы - 40 мақаланың авторы, бірқатар ғылыми жобалардың, халықаралық семинарлар мен тренингтердің қатысушысы. Техника ғылымдарының кандидаты, физика бойынша PhD докторы.

Әріптестер ол кісіні жауапты және атқарушы қызметкер деп атайды.

«Асыл Үмітқұлқызы бұл салада ұзақ уақыт жұмыс істеп келеді және өзін оң жағынан көрсете білуде. Англияда оқуға кешенді іріктеуден өтті, ол өз ісінің кәсіпқой маманы. Мен бұл кісі 2014 жылдан бері  сауатты әрі білікті маман ретінде білемін», - дейді Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесі департаментінің директоры Айдар Қуатбаев.

Әріптесі туралы суреттерді өңдеу басқармасының бастығы Андрей Огай да осындай пікір білдірді, ол Асыл Үмітқұлқызы туралы ұжымда құрметке ие адал қызметкер, ұжымда беделі бар және жас мамандардың тәжірибелі тәлімгері екенін айтты.

«Егер адам баласына белгілі бір қызмет саласы қызықты болса, онда ол өзінің біліктілік деңгейін арттыруға ұмтылуы тиіс», - деп есептейді Асыл Бақашева.

Бос уақытында Асыл Үмітқұлқызы табиғатта уақыт өткізуді ұнатады.

Асыл Бақашеваның 25 жасар ұлы бар. Ол да инженер және IT - технологиялар саласында жұмыс істейді.

Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында Асыл Үмітқұлқызы әйелдер қауымына бейбітшілік, жақсылық және өркендеуді тілейді. Ал, жас қыздарға мұнымен тоқтап қалмай, өз армандарыңды жүзеге асыруға тырысыңдар деген кеңес беруде.

2fe2edda-4adb-4324-9693-e0dcc6801add (1).jpg

81f86562-1b19-476a-923f-209e118d7c57 (1).jpg

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ

баспасөз қызметі