Аяулы әйелдер!

     

8сайт кз.png

Аяулы әйелдер!

         Ұжымның бар ерлер қауымының атынан Сіздерді келе жақан 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтауға рұқсат етіңіздер! Әрқашан да бұл көктемгі, жарқын мереке ерекше жылулықпен атап өтіледі. Бұл біздің аналарымызға, әпкелерімізге, әйелдерімізге, қыздарымызға, әріптестерімізге, жүрегімізге жақын барша әйелдерге деген мейірімді әрі сезімдерге толы күн. Өйткені, әйелдер бізге өмір сыйлайды, өз махаббаттарымен жылытады, олардың қолдаулары мен қамқорлықтарын сеземіз.

         Бүгін біздің «Қазақстан Ғарыш сапары» компаниясының қызметкерлеріне ерекше ризашылық сөздерін арнағым келеді. Сіздер тек мамандықта, шығармашылықта, қоғамдық қызметте биік шыңдарды бағындырып қоймай, сонымен қатар отбасында жылы шырайлы, қолайлы жағдай жасап, балаларды тәрбиелеп, ошақтың сақтаушысы және жан серігіңіздің сенімді досы болудасыздар.

        Аяулы ханымдар, Сіздер біз ұғынбайтын құпияға иесіздер: барлығын үлгеру, үлкен жұмыстарды атқара білу және соған қарамастан әрқашан нәзік, жарқын, сүйкімді болып қала білесіздер. Сіздер бұл әлемге жақсылық пен сұлулықты, жарықтық пен үмітті алып келгенсіздер.

        Әйелдің, оның қадір-қасиеті мен мейірімділігінде елдің шынайы жаны ашылады. Біз Сіздерді мақтан тұтамыз әрі жақсы көреміз!

      Сіздерді тағы да мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Мол қуанышты күндер мен жылдар тілейміз. Бақытты болыңыздар!

Игі құрметпен,
Е.Шаймағамбетов,
«Қазақстан Ғарыш сапары» ҰК» АҚ
төрағасы