Облыстық ТЖ департаменттері ГАЖ технологияларының көмегімен ғарыштық мониторинг деректерін алу бойынша кезекті оқудан өтті

20210319_093222.jpg
 

Жыл сайын көктемде Қазақстан су тасқыны мәселесімен және өңірлерді еріген сумен басу қауіпімен күресуде. ЖҚЗ деректері ТЖ аудандарында басқару міндеттерін шешуді айтарлықтай жеңілдетеді.

"Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ жүргізетін ғарыштық мониторинг бағыттарының бірі – төтенше жағдайлар мониторингі.

2018 жылдан бастап ТЖ ғарыштық мониторингі төрт міндетті іске асырады: орманды дала өрттерін мониторингілеу, су тасқыны мен тасқын сулардың өтуін

мониторингілеу, ТЖ аймақтарын шұғыл мониторингілеу және мореналық көлдер мониторингі.

"ҚҒС "ҰК" АҚ кеңістіктік деректер департаменті Табиғи ресурстар Басқармасы ТЖ мониторингі бөлімінің бастығы Гүлдана Қасымбаева хабарлағандай, деректерді жедел беру мақсатында геоақпараттық технологиялар пайдаланылады. Яғни, ғарыш аппараттарынан түсірілім жүргізіледі, суреттер алдын ала және кейінгі өңдеуден өтеді, содан кейін векторлық қабаттармен геосервиске жүктеледі. Бұдан әрі өңірлердің ТЖ Департаменттерінің жедел кезекшілері интернет желісі арқылы геосервис бетіне кіре отырып, базалық географиялық төсемі бар өзекті ақпаратты алады.

Геосервистердің функционалы мен құралдарымен танысу мақсатында ағымдағы жылдың 16-18 наурыз аралығында компания мамандары Алматы, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының алты облыстық ТЖ департаменттерінің өкілдеріне онлайн оқыту өткізді.

"Оқыту барысында геосервис көрсетілді, департамент қызметкерлері мониторинг жүргізу технологиясымен танысты, жұмысты жақсарту бойынша мәселелер мен ұсыныстар қаралды. Жалпы, оқу сәтті өтті, су тасқыны кезеңінде бірлескен тиімді жұмыс жасауға үміттенеміз", - деп атап өтті Гүлдана Қасымбаева.



"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ
баспасөз қызметі