Айдын Айымбетов Ұлттық әскери-тарихи мұражайға жәдігерлерді табыстады

Бүгін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Айымбетов өз заттарынан құнды жәдігерлерді Қазақстан Республикасының Ұлттық әскери-тарихи мұражайына табастады.

Заттардың ішінде - көк түсті "НАЗ" комбинезоны, етік, тақия, шлем, тыстар, «ұшу» комбинезоны, "Сұңқар" ұшу   скафандрының қолғаптары.

Ғарыштық тағамдардан: «Асыл» козинаки печеньесі, «Бақыт» жаңғақтары бар сүзбе, құрғақ бие сүті, «Жігіт» харчо сорпасы, «Денсаулық» функционалды өнімі, қантсыз жасыл шай, болгар бұршағы, көкөністер қосылған бұзау еті, сиыр гуляшы, жұмсағы қосылған шабдалы шырыны.

Әрине, ғарыштық тағамдардың жарамдылық мерзімі әлдеқашан өткен.

Мұражай қызметкерлері Айдын Ақанұлына алғыс білдіріп, көрмеге құрметті қонақ ретінде шақырды.

Адамның ғарышқа алғашқы ұшуының 60 жылдығына арналған мұражайдағы көрме 12 сәуірде өтеді.

20210329_120424.jpg
20210329_120209.jpg

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі