"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ өкілдері МАКС-2021 Халықаралық авиациялық-ғарыш салонына қатысуға шақырылды

Ұлттық ғарыш орталығында "Профессор Н.Е.Жуковский атындағы орталық аэрогидродинамикалық институт" ФМУК өкілдерінің "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК"АҚ басшылығымен кездесуі өтті.

Жұмыс сапары барысында қонақтар бірқатар маңызды нысандар: құрастыру-сынау кешенін, Арнайы құрастырушы технологиялық бюроның өндірістік бөлімшелерін, шағын ғарыш аппараттарына арналған сынақ зертханасын, электрондық бұйымдар өндірісінің таза бөлмелерін аралады.

Сондай-ақ ресейлік әріптестер өз қызметінің негізгі бағыттары мен құзыреттері туралы жан-жақты айтып берді.

Тараптар ұсынылған материалдарды қосымша зерделеу және өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мәселесін пысықтау туралы пікір алмасты.

Сонымен қатар, ресейлік тарап "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ өкілдерін осы жазда Ресейде өтетін МАКС-2021 халықаралық авиациялық-ғарыш салонына қатысуға шақырды.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі    
 
IMG-20210330-WA0003.jpg
IMG-20210330-WA0005.jpg
IMG-20210330-WA0012.jpg