Ғарышкер Айдын Айымбетов халықаралық ғарыш құқығы бойынша онлайн оқуға кірісті

"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары — басқарма мүшесі, Қазақстан Республикасының ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетов Роскосмос корпоративтік Академиясы және жақында басталған Ресей халықтар достығы университетінің Заң институты ұйымдастырған "Халықаралық ғарыш құқығы" қосымша кәсіби білім беру бағдарламалары бойынша оқыту курсына қосылды.

Бұл осы бағдарлама бойынша екінші жиын. Курсты зымыран-ғарыш саласы кәсіпорындарының басшылары, ғылыми қызметкерлері және жоба жетекшілері, сондай-ақ аралас салаларда жұмыс істейтін мамандар өтеді.

"Қазіргі уақытта ғарышты игеру саласындағы халықаралық ынтымақтастық ауқымы күрт өсті, ғарыш қызметін қарқынды коммерцияландыру басталды, сондықтан осы саладағы жаңа білімдер өте маңызды. Мен бұл бағдарламадан көп нәрсені күтемін", - деп атап өтті бағдарламаға қатысушы Айдын Ақанұлы.

Курс ғарыш қызметінің құқықтық аспектілерін, сонымен қатар үкіметтік емес заңды тұлғалардың ғарыш қызметіне қатысуынан туындайтын жер ортасындағы ықтимал мәселелер мен теріс өзгерістерді қарастырады. Роскосмостың корпоративті Академиясы болашақта елдің жетекші университеттерімен жемісті ынтымақтастықты дамыта отырып, ғарыштың халықаралық мәселелері саласында өткізілетін курстардың тақырыбын кеңейтуді жоспарлап отыр.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ

баспасөз қызметі

kosmos.jpg