"Есіл" ауданының оқушылары Ұлттық Ғарыш Орталығына барып қайтты

Бүгін Ұлттық Ғарыш орталығында "Есіл" ауданы әкімдігінің "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ-мен бірлескен байқауына қатысқан елорданың алты мектебінің оқушыларын марапаттау рәсімі өтті.

Еске сала кетейік, адамның ғарышқа Алғашқы ұшуының 60 жылдығына арналған бейнероликтер байқауы оқушылар арасында ғарыш тақырыбында жарияланған болатын. Қатысушылар материалдың жанрын өздері анықтады: сұхбат, репортаж немесе бейнеклип.

Барлығы 35 оқушы қатысты. Әкімдік пен ұлттық компания өкілдері арасынан қазылар алқасы ең үздік жұмыстарды таңдады.

Дауыс беру қорытындысы бойынша үшінші орынды № 24 ОМ 5 сынып оқушысы - Исак Әлғазиз, екінші орынды экономикалық лицейдің екінші сынып оқушысы - Атақоныс Әмір, бірінші орынды № 66 ОМ 2 сынып оқушысы Сымбат Мейрамбек иеленді.

Балалардың орындауындағы бейнероликтер креативті, жарқын және шығармашылықта болды.

Алайда қатысушылар үшін ең маңызды марапат-аңыз адам, ғарышкер, Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының батыры, "Халық қаһарманы" атағының иегері, Сенат депутаты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаевпен кездесу болды.

Балалар Талғат Амангелдіұлына "Қалай ғарышкер болуға болады? Қандай институтты бітірдіңіз? Ғарышта немен айналастыңыз? Онда қалай ұйықтадыңыз? Не жедіңіздер?...."

Аты аңызға айналған ғарышкер өзінің қалыптасуы, ғарышкерлік туралы сөйлегені соншалық, оқушылар бар ынталарымен тыңдады.

Сонымен қатар, шараға екінші ғарышкер, ҚР Халық қаһарманы Айдын Айымбетов қатысты. Балалар ғарышкерлердің қолтаңбаларын алып, олармен естелік ретінде фото-селфи жасады.

Кездесуден басқа, балалар ҰҒО ғимаратында экскурсия жасады. Үлкен экранда орбитадағы серіктердің жағдайы көрсетілді, макетте ғарыш аппараттарының құрастыру-сынау кешені ұсынылды. Сондай-ақ, балалар мұражайға барып, ұсынылған жәдігерлермен танысты.

ҰҒО нысандары балаларды, әсіресе жоғары сынып оқушыларын таң қалдырды. Болашақ мамандықты таңдауда, олар "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ-да оқыту және одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері мәселелеріне қызығушылық танытты.

Іс-шара соңында қатысушылар Юрий Гагариннің мүсініне гүл шоқтарын қойды.

2B5A0036.JPG
2B5A9977.JPG
2B5A9938.JPG
2B5A9937.JPG
20210405_124707.jpg
20210405_125054.jpg
2B5A0035.JPG
2B5A0040.JPG
2B5A0044.JPG
2B5A9933.JPG
20210405_123845.jpg
   
2B5A0034.JPG
2B5A0033.JPG
2B5A0020.JPG