"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ-мен «MAXAR» ғарыштық технологиялар компаниясы белсенді ынтымақтастыққа ниетті

Жақында "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ ғимаратында "MAXAR" халықаралық ғарыш компаниясының өкілдері Илья Юдин мен Джереми Марсель Ренемен кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар ЖҚЗ деректерін пайдаланудағы қатынастарды дамыту бағытындағы ынтымақтастық туралы келісімге, сондай-ақ бірлескен жобаларға қол қоюға өзара қызығушылық танытты.

Сонымен, геокеңістіктік деректерді өңдеу Орталығын бірлесіп құру мәселелері талқыланды.

Тараптар аталған бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы келісті.

kosmos (1).jpg
news_tm_17022020-463x348.jpg