"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰҚ" АҚ өкілдері ҚР Ұлттық музейіне барып қайтты

Бүгін Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде адамзаттың ғарышты игеруінің 60 жылдығына және тұңғыш қазақ ғарышкерінің ғарышқа ұшуының 30 жылдығына арналған "Ғарыш қаһармандары" атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰҚ" АҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі Ерғазы Нұрғалиев, Жерді қашықтықтан зондтау Департаментінің директоры Айдар Қуатбаев, пайдалану Департаментінің директоры Рашит Әбдіразақов, музейдің ғылыми қызметкерлері, журналистер және Нұр-сұлтан қаласының №67 және №86 мектеп-гимназияларының бастауыш сынып оқушылары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында компания өкілдері қатысушыларға ғарышкерлік тарихы, оның біздің елімізде қалыптасуы, ғарыш саласының дамуы, Қазақстанда ғарыш технологияларын игеру және қолдану туралы айтып берді.

Гимназия оқушылары қонақтарға олардың жасына байланысты көптеген қызықты және өзекті сұрақтар қойды. Кішкентай ақылдылар соншалықты қызығушылық танытты, сондықтан іс-шараны ұйымдастырушылар болашақта осындай кездесулер ұйымдастыруға уәде етті.

Айта кету керек, дөңгелек үстел аясында жеке коллекция жиюшы В.Семенов пен Р.Әбдіразақовтың және Ұлттық музей қорынан көрме ұйымдастырылды.

Көрме жәдігерлерінің ішінде - фотосуреттер, ғарышкерлердің тағамдары, зымырандардың пішіндері, түрлі ғарыш кемелерінің үлгілері болды .

Іс-шара соңында балалар ғарыш тақырыбында өлеңдерін оқып, музыкалық нөмірлерін орындады.

"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК " АҚ»
баспасөз қызметі
20210409_163329.jpg
20210409_155744.jpg
20210409_155215.jpg
20210409_151558.jpg
20210409_151518.jpg