"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ қызметкерлер Astana Hub вебинарына қатысты

67495be3-4b46-48af-a29b-5c32ee0b57c8.png

Astana Hub алаңында вебинар өтті, онда SpaceTech технологиялық платформасы таныстырылды, сондай-ақ Жерді Қашықтықтан зондтау деректерін қолданудың

бірнеше табысты шешімдері ұсынылды. Вебинарда қатысушылар қосымша стартап-жобаларды мемлекеттік қолдау құралдары туралы білді.

Бағдарламаның басты элементі қазақстандық ЖҚЗ ғарыш аппараттарынан алынған ғарыш түсірілімдерін іздеу және тапсырыс беру, онлайн-сервисінің таныстырылымы болды. Сонымен, қатысушылар ғарыш түсірілімдерін көруге тегін қол жеткізу шарттары мен оларды алу мүмкіндіктерін білді.

Іс-шара цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі Вице – министрі Азамат Байқуанышұлы Батырқожаның қатысуымен өтті.

Вебинар бағдарламасына келесі тақырыптар енгізілді:

"SpaceTech технологиялық платформасының тұсаукесері»

⠀Спикері - "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Зернов;

⠀"Салалық мәселелерді шешудегі ГАЖ қосымшалары»

Спикері - "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ кеңістіктік деректер департаменті директорының орынбасары Өскен Тойшыбеков;

⠀"Суреттерді іздеу және тапсырыс беру онлайн платформасының тұсаукесері»

Спикері - "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ департаменті R&D бойынша әзірлеу басқармасының бастығы Батырұлан Аймышев;

⠀"Стартап жобаларды мемлекеттік қолдау құралдары»

Спикері - "QazInnovations "инновацияларды дамыту жөніндегі ұлттық агенттігі" АҚ қолдау құралдары орталығының директоры Аяужан Абдуалиева;

                         

Вебинар ең алдымен өз стартап-жобаларын іске асыру үшін идеялары көп жастар үшін нәтижелі және пайдалы болды.

Вебинар