«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Байқоңыр қаласындағы салтанатты іс-шараларға қатысты

5sJPiCkSQ9KnfOlO2c5gKok4rIiKQnDeotQqeXLk (1).jpg

Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ өкілдері ғарышкерлер Күніне арналған бірқатар іс-шараларды өткізуге қатысты.

Байқоңырдың 31-ші алаңынан "Ю.А.Гагарин" басқарылатын кемесі бар "Союз-2.1" зымыран-тасығышының мерейтойлық ұшырылуы маңызды бастама болды. Миссия экипаж құрамына Роскосмос ғарышкерлері Олег Новицкий мен Петр Дубров, сондай-ақ NASA астронавты Марк Ванде Хей кірді.

Осы күні Байқоңыр қаласында «Адамның ғарышқа Алғашқы ұшуының 60 жылдығы» халықаралық конференциясының салтанатты жалпы отырысы өтті, оған Премьер-Министр Асқар Мамин, "Роскосмос" мемлекеттік корпорациясының басшысы Дмитрий Рогозин, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин, NASA әкімшісінің орынбасары Кеннет Бауэрсокс, қазақстандық ғарышкерлер Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев, Айдын Айымбетов және Мұхтар Аймаханов, "One Web" және "SES Networks" спутниктік операторларының басшылығы және т. б. қатысты.

"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ халықаралық конференциясы аясында "Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін дамыту" тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Дөңгелек үстел жұмысына "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Зернов және MaxarTechnologies, PlanetLabs, Satrecinitiatives, HeadTechnology, "НПК "БАРЛ" ҒӨК АҚ халықаралық компанияларының өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар Жерді қашықтықтан зондтаудың қолданыстағы және болашақтағы ғарыш жүйелері (оптикалық және радиолокациялық серіктер), өңдеуге арналған бағдарламалық өнімдер, суреттерді сақтау және тарату платформалары, нарық қажеттіліктеріне бағытталған ғарыш деректері негізіндегі жаңа инновациялық және кешенді шешімдер туралы хабардар етті.

Сондай-ақ, қатысушылар әртүрлі рұқсаттардағы ЖҚЗ серіктік топтамаларын құру және іске қосу бөлігінде өз компанияларының стратегиялық дамуы және жоспарлары туралы ақпаратпен бөлісу мүмкіндігіне ие болды.

Осылайша, қазақстандық тараптан "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Дмитрий Зернов таныстыруымен сөз сөйледі, онда орта рұқсаттағы ЖҚЗ серіктері топтамасын құру туралы толық айтып берді.

Сондай-ақ, дүниежүзілік ЖҚЗ нарығының әлеуеті мен одан әрі даму болашағы талқыланды.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар қазақстандық тарапқа бірінші адамның ғарышқа ұшу мерейтойын мерекелеуге арналған іс-шараға қатысуға мүмкіндігі және шақырғаны үшін алғыстарын білдірді. Қатысушылар ұйымның жоғары деңгейін атап өтіп, дәстүрлі қонақжайлылық үшін алғыс білдірді.

 

images (2).jpg
sha-4414.jpg
img-1494.jpg