Ғарышкерлер жас патриоттарға ерлік сабағын үйретті

Жақында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында "Ғарышқа бір қадам" атты іс-шара өтті, оған ҚР Парламенті Сенатының депутаты Талғат Мұсабаев және "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Айымбетов қатысты. Халық қаһармандарымен кездесу "Жас сарбаз"қозғалысының тәрбиеленушілері үшін ұйымдастырылды.
Кездесу жас отансүйгіштер үшін ерлік сабағы болды. Ғарышкерлер ғарышқа ұшудан алған алғашқы әсерлерімен, естеліктерімен бөлісті, жұлдыздар әлеміне жету үшін қандай жолдан өткендігі туралы айтып берді.

"Адам өз арманына сенуі керек. Мен ғарышқа алғаш ұшқан күні арманға берілгендік пен мақсаттың беріктігі қаншалықты маңызды екенін түсіндім. Ешқашан ештеңеден қорықпаңыз, тіпті композитор, ғарышкер, ғалым болғыңыз келсе де, арманыңыз бен күшіңізге сеніңіз. Сіздің алдыңызда бүкіл өмір, бүкіл әлем алдыңызда ашық", - деді Талғат Мұсабаев сарбаздарға арнаған сөзінде.

Аталған іс-шараға барлық 17 өңірдің патриоттары қатысты, себебі кездесу онлайн-тәртібінде өтті. Қатысушылар сұрақтар қойып, жас сарбаздардың халық батырларымен жүздескендеріне қаншалықты қуанышты екендері байқалды.

Іс-шара соңында ғарышкерлер балаларға сәттілік, оқуда, спортта үлкен жетістіктер және өз мақсаттарына жетуді тіледі.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ
баспасөз қызметі

IMG-20210413-WA0035 (1).jpg
IMG-20210413-WA0033.jpg
IMG-20210413-WA0038.jpg
IMG-20210413-WA0036.jpg
IMG-20210413-WA0035.jpg
IMG-20210413-WA0034.jpg
IMG-20210413-WA0030.jpg