Хабарландыру

unnamed.jpg

«Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамы Қоғамдық кеңес қалыптастыру үшін құрылатын жұмыс тобының құрамын, коммерциялық емес ұйымдар және жеке азаматтар қатарынан,жасақтауға конкурс жүргізетінін хабарлайды.

Конкурстың  жүргізілетін мерзімі хабарландыру жарияланған уақыттан бастап он жұмыс күні.

Конкурсқа қатысуға үміткер коммерциялық емес ұйымдар өкілдері және жеке азаматтар, жұмыс тобын жасақтау жөнінде конкурс өткізуге хабарландыру жарияланған соң бес жұмыс күні ішінде электронды түрде немесе қағаз нұсқасында келесі құжаттарды жолдайды:

1)    Өз кандидатурасын жұмыс тобына ұсыну жөніндегі жеке азаматтардың, Қоғамдық кеңес туралы нұсқаулық ереженің №1 қосымшасына сәйкес, өтініші.

2)    Коммерциялық емес үйымдардың жұмыс тобы құрамына кандидатура ұсыну жөніндегі жазбаша ұсынысы.

3)    Кандидаттың кәсіби және немесе қоғамдық жұмыстары жөніндегі мағлұматтар.

4)    Қазақстан Республикасы азаматының куәлігінің көшірмесі.

Жеке азаматтар және коммерциялық емес ұйымдар өкілдері жоғарыда аталған мерзімде, Қоғамдық кеңес туралы нұсқаулық ереженің №2 қосымшасына сәйкес, өтініш жолдайды және жоғарыда аталған құжаттарды ұсынады. https://bitrix.gharysh.kz/~GhXpX

Компанияның мекен жайы:   Нұр - Сұлтан қаласы, Есіл ауданы, Ұлттық ғарыш орталығы, Тұран даңғылы 89, канцелярия телефоны: 76-94-11 , e-mail: kense@gharysh.kz