Қазақстанда өртке қауіпті кезең басталды: ғарыш мониторингі күзетте

пожар.jpg

Жерсеріктік технологиялардың көмегімен "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясы" АҚ кеңістіктік деректер Департаментінің ТЖ мониторингі бөлімі орман-дала өрттерін анықтайды.

Белгілі болғандай, өртке қауіпті кезең - бұл көктем мен жазда, Қазақстан аумағында жану жағдайлары жиі туындайды.

Бөлім мамандары күн сайын ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне және аумақтық инспекцияларға ғарыш түсірілімдерін жібере отырып, жағдайға мониторинг жүргізеді.

Ағымдағы жылдың 9 сәуірінде Нұр-Сұлтан уақыты бойынша "Ақжайық" мемлекеттік табиғи резерватының 40 орамының аумағында термалды нүктелер тіркелді. Өрт 11 сәуірде аяқталды, өртенген жер телімінің жалпы ауданы 3267,1 га құрады, бірінші тәулікте мемлекеттік орман қоры аумағында ауданы 1830,3 га учаске өртенді.

IMG-20210420-WA0012.jpg
IMG-20210420-WA0013.jpg

12 сәуірден бастап Алматы облысының аумағында Іле өзенінің сағасы өртенді. "Іле-Балқаш" мемлекеттік табиғи резерватының өртенген жер телімдерінің ауданы ЖҚЗ деректері бойынша 16 604,65 га құрады.

18 сәуірде "Ертіс Орманы" табиғи резерватының аумағында құрғақ шөптің жануы нәтижесінде Қарағайлы орман өртенді.

Бүгінгі күні "ҚҒС"ҰК" АҚ ТЖ мониторингі бөлімінің мамандары өрттің жалпы ауданын анықтау үшін қажетті суреттердің өңдеуін жүргізуде. Барлық деректер ҚР ЭГТРМ орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне беріледі.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ»
баспасөз қызметі

IMG-20210420-WA0018.jpg
IMG-20210420-WA0017.jpg
IMG-20210420-WA0016.jpg