«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Қоғамдық кеңесін құру үдерісі басталды

a3531d6985bb75b9fb79b10d68aa7b9d.jpg
 

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Еркін Шаймағамбетов компанияның Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобына кандидаттарды іріктеу бойынша онлайн-кеңес өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, қоғамдық кеңестер азаматтардың мемлекеттік билік органдары мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметіне деген сенім деңгейін арттыруға, сондай-ақ азаматтық бастамалар мен қоғамдық бірлестіктердің мүдделерін іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған.

Кеңес азаматтардың және коммерциялық емес ұйымдар өкілдерінің қатысуымен өтті.

Бастапқыда компанияға жұмыс тобының құрамына өз кандидатураларын ұсынатын ұйымдардан бірқатар ұсыныстар келіп түсті.

Кеңес барысында ашық дауыс беру арқылы жұмыс тобының 6 мүшесі іріктеліп алынды, бұрын компания оның құрамына өзінің үш өкілін жіберді. Жұмыс тобы мүшелерінің арасынан жұмыс тобының басшысы сайланды.

Бірінші отырыста жұмыс тобы жақын арада кандидаттарды сайлау бойынша байқау жариялауды шешіп, компанияның Қоғамдық кеңесі мүшелерінің санын белгіледі.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ»
баспасөз қызметі