Хабарландыру

kartinka_obyavlenie.png

«Қазақстан ғарыш сапары» Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамында Қоғамдық кеңес қалыптастырушы жұмыс тобы, коммерциялық емес ұйымдар өкілдері мен азаматтар қатарынан Қоғамдық кеңеске мүшелікке үміткерлер іріктеу үшін конкурс жариялайды.

Конкурстың өткізілу мерзімі, осы хабарландыру жарияланған соң, 20 жұмыс күні.

Конкурсқа қатысам деуші азаматтар және коммерциялық емес ұйымдар өкілдері, осы хабарландыру жарияланған соң, 10  жұмыс күні ішінде, жұмыс тобына қағаз мәтінінде немесе электронды мекен жайға келесі құжаттарды жолдайды:

1.     Кандидатурасын Қоғамдық кеңеске мүше ретінде ұсынуы жөніндегі азаматтың өтініші. Осы хабарландырудың №1 қосымшасына сәйкес.

2.     Коммерциялық емес ұйымдардың Қоғамдық кеңеске мүше ретінде кандидатура (бар болса) ұсынуы жөніндегі жазбаша ұсынымы.

3.     Кәсіби және (немесе) қоғамдық жұмыс өтілдері туралы мағлұмат.

4.     Қазақстан азаматының жеке куәлігінің көшірмесі.

5. Соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама

6. Психикалық, мінез-құлықтық бұзылулардың (аурулардың), оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды қолдануға байланысты бұзылулардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама

Қоғамдық кеңес қалыптастырушы жұмыс тобының отырысына бақылаушы ретінде қатысам деуші азаматтар, коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері жұмыс тобына, 10 күндік жұмыс мерзімінде, жоғарыда көрсетілген құжаттарды жолдайды. Осы хабарландырудың №2 қосымшасына сәйкес.

https://bitrix.gharysh.kz/~3ecZP

Мекен жай:. Нур – Султан қ, Есіл ауд., Ұлттық ғарыш орталығы, Туран даңғылы, 89, e-mail: kense@gharysh.kz, ЖТ хатшысының тел. : 76-99-87, 8 701 583 29 99.

Қоғамдық кеңесті қалыптастырушы жұмыс тобы.