Риддердегі өрт: ғарыштық түсірілімдердің деректері бойынша өрт алаңы шамамен 285 га құрады

IMG-20210512-WA0018.jpg

«Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ кеңістіктік деректер Департаменті ТЖ мониторингі бөлімінің мамандары Риддер орман шаруашылығының өрті бойынша жағдайға күн сайын мониторинг жүргізді.

Айта кету керек, деректер тұрақты негізде ТЖ Министрлігіне, Экология министрлігінің орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне, сондай-ақ аумақтық органдарға беріледі. ҚҒС мамандарымен mchs.gharysh.kz және gharysh порталға тәулігіне алты рет термотүсірмелер (өрт ошақтары) жүктеледі, ал өртенген учаскелердің векторлық деректері он күн сайын жүктеледі.

IMG-20210512-WA0017.jpg
IMG-20210512-WA0016.jpg

Риддер орман шаруашылығы аумағында өрт 2021 жылдың 10 мамырында болғаны белгілі.  Құрғақ шөптің жануы оған себеп болған. Аумақта ауа температурасы жоғары және екпінді жел байқалған.

Ғарыштық түсірілімдердің деректері бойынша 11 мамырда өрт алаңы 284,31 га құрады.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД хабарлағандай, құтқарушылар Риддердің шетіндегі Лесхоз кентінде қатты өртті жою туралы хабарлады. Өрт 11 мамыр күні таңертең сағат 7.00 шамасында ауыздықталды.

Өрт салдарынан бір адам қаза тапты, екеуі ауыр күйік алды. Сонымен қатар, Лесхоз ауылында 40-қа жуық үй өртенді.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» Ұлттық компаниясы» АҚ
баспасөз қызметі