"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ инженерлері ел аумағында 30 мыңға жуық жерүсті бақылау нүктелерін анықтады

nkt (1).png



IMG_20210329_124618.jpg
IMG_20210329_123435.jpg


"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ ағымдағы жылы Жамбыл, Түркістан, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында жерүсті бақылау нүктелерін (ЖБН) жинау жұмыстарын жоспарлап отыр. Жақында спутниктік навигация департаментінің қызметкерлері Жамбыл және Түркістан облыстарында ЖБН өлшеу жұмыстарын аяқтады.

"ҚҒС" ҰК" АҚ серіктік навигация Департаментінің жетекші инженері Бауыржан Хайруллович Кабытаев бізді осы салада жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы толығырақ хабардар етті:

- Бауыржан, жердегі бақылау нүктелері деген не және оларды қандай мақсатта пайдаланатынын айтып берсеңіз?

- Ғарыш түсірілімдерін орындау кезінде камера құрылымымен де, жер бетіне қатысты серіктің (немесе басқа түсірілім аппаратының) орналасуымен де анықталатын бұрмаланулар болады.

Ғарыш кемесі өте үлкен биіктіктен (жүздеген шақырым) түсіріледі және бұрмалану аз болып көрінеді. Бірақ ғарыш кемесі надирге (көкжиектің астындағы аспан өрісінің нүктесі, Зенитке қарама-қарсы) әрдайым түсіре алмайды және көптеген суреттер әртүрлі түсірілім бұрыштарымен алынады. Сонымен қатар, түсіру бұрыштары 35 градусқа жетуі мүмкін және осы биіктікте бұл айтарлықтай бұрмалануларға алып келеді. Және бұл бұрмалануларды болдырмау үшін суреттердің түрлендіруі жүргізіледі.

Деректердің үлкен көлемін ортотрансформациялау процестерін автоматтандыру үшін бедердің сандық модельдерін алу үшін жердегі бақылау нүктелері қажет. ЖБН ортотрансформацияланған суреттердің қажетті дәлдігімен ғарыштық түсірілімдерді жоспарлы-биіктік байланыстыруды қамтамасыз ету бойынша, сондай-ақ деректерді одан әрі өңдеу және ортомозаика мен бедердің сандық моделін алу үшін негізгі деректер болып табылады.

- Сіз дала жағдайында ЖБН қалай өлшейсіз?

- ЖБН жобалық өлшемдері далалық ноутбукке орнатылған SAS.Planet бағдарламалық жасақтамасындағы серіктік суреттерге   түсіріледі. Бұдан әрі ноутбукке қосылған GPS-қабылдағышты пайдалана отырып, ЖБН іздеу жүргізіледі және нүктеге оңтайлы өту жолы анықталады.

ЖБН орналасқан жерде мынадай талаптарға сәйкестігіне көзбен шолып тексеру жүргізіледі:

- контурды ұзақ уақыт сақтау мүмкіндігі;

- суреттегі және жердегі оқудың бір мағыналы болуы және контурдың анық болуы;

- серіктік бақылауларды орындау мүмкіндігі.

Зерттеу нәтижелері бойынша осы ЖБН жұмыстарды орындау туралы шешім қабылданады. Біз геодезиялық дәлдік тобының ғаламдық навигациялық серіктік жүйелерінің қабылдағышын қолданамыз.

Деректердің бүтіндігі мен сақталуы мақсатында ЖБН өлшеу нәтижелері электронды түрде nkt.svsn.kz. порталына жүктеледі

- "ҚҒС"ҰК" АҚ инженерлері бүкіл жұмыс кезеңінде ЖБН қанша санын жинады? Қанша облысқа барды?

- 2017 жылдан бастап ҚР барлық облыстарында шамамен 30 мың ЖБН өлшенді, бірақ жету қиын аудандар қалды - бұл таулар, шөлдер.

ЖБН жинау бойынша осындай жұмыс көлемін орындау жыл сайын қосымша геодезистер бригадалары жасақталып, автомобильдер жалға алынды, ЖБН өлшеу үшін қажетті жабдықтар сатып алынды. Мысалы, 2017 жылы Қазақстанның оңтүстік бөлігінде шамамен 8000 ЖБН, 2018 жылы Қазақстанның батыс бөлігінде – 8000 ЖБН, 2019 жылы Қазақстанның солтүстік, орталық, шығыс бөліктерінде шамамен 14 000 ЖБН өлшенді.

IMG-20210514-WA0032.jpg
IMG-20210514-WA0034.jpg

- Қолжетімсіз жердегі жұмысты ескере отырып, жолда қандай да бір күтпеген жағдайлар болды ма?

- Балшық пен батпақта, құмда көлік тоқтап қалуы  және елді мекендерден алыс жерде көлік түйіндерінің бірі кенеттен істен шығуы мүмкін. Өз күшімізбен көруге, болмаса жақын ауылға көмек сұрауға баруға тура келеді. Мұндай жағдайлар бірнеше рет болды. Белгілі бір маусымда көптеген аймақтарда кенелер, улы өрмекшілер мен жабайы аңдар көп. Бірақ біздің қызметкерлер қауіпсіздік техникасын сақтайды, барлығына алдын ала нұсқау беріледі. Балалар тәжірибелі, бірнеше рет жүріп, көлік техникасымен бетпе бет келген. Сонымен қатар мұның бәрі Қазақстанның көркем көріністерімен, пейзаждарымен – таулар, өзендер, көлдер, ормандар, шексіз даламен сүйемелденеді, Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген көптеген жануарларды, құстарды көріп,  бейнетүсірілімге де түсірді.

- Керемет! Жақында Жамбыл және Түркістан облысына жасаған сапардың нәтижесі туралы айтсаңыз?

- Соңғы іссапар қорытындысы бойынша серіктік навигация Департаментінің мамандары Қаратау тауларының, Мойынқұм шөлінің шалғай аудандарында Түркістан және Жамбыл облыстары бойынша 272 ЖБН өлшеді.

IMG-20210514-WA0035.jpg

- Суреттерді жоспарлы-биіктік байланыстыруға қандай талаптар қойылады?

- Әр суретке кем дегенде 5 жердегі бақылау нүктесі жеткілікті. Бірақ, егер біз бір-бірімен қиылысатын бірнеше суреттер туралы айтатын болсақ, онда әр суретке 5 НКТ қажет. Мысалы, бір елді мекенге кемінде 3 ЖБН қажет. Содан кейін, суреттерді фотограмметриялық өңдеуді орындау кезінде 2 ЖБН ғарыштық суреттерде өлшенеді, ал үшінші нүкте барлық ғарыштық суреттердегі алғашқы екі нүктенің байланыстыру дәлдігін бақылау үшін қолданылады. Барлық ЖБН суретте және жерде анықталуы керек. Суреттегі және жердегі нүктелерді анықтау және оларды жоспарда және биіктікте үйлестіру процесі суреттердің жоспарлы-биіктік байланысы деп аталады.

ЖБН суреттердің ең көп санында болатындай етіп орналастырылады. Бұл шарт көлденең және бойлық төбелердің ортасында ЖБН орналастыру кезінде орындалады. Топографиялық-геодезиялық жұмыстар ғарыштық суреттердің жоғары дәлдікті байланыстырылуын қамтамасыз етуді анықтау мақсатында орындалады.

- Сұхбатыңыз үшін рахмет. Жұмысыңызға сәттілік!

"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ
баспасөз қызметі