Солтүстік Қазақстан облысында ғарышмониторингтің арқасында мемлекетке 59 млн. теңге көлемінде залал өтелді

"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ-ның құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмысы маңызды нәтижелер беруде.
"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ кеңістіктік деректер департаменті ауыл шаруашылығы өндірісі мониторингі басқармасының жерді пайдалану мониторингі бөлімінің мамандары жүргізген жұмыстың арқасында Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін пайдалануда бұзушылықтар фактілерін анықтай алды.
"Осылайша, Солтүстік Қазақстан облысының аумағында бірлескен күш-жігермен ауыл шаруашылығы мақсатында жер учаскелерін іс жүзінде пайдаланбаудың 6 фактісі анықталды, олар
бойынша агроөнеркәсіптік кешен субъектілері 289 млн.теңгеден астам сомаға субсидияларды заңсыз алды. Аталған фактілер бойынша 4 қылмыстық іс тергелуде (қылмыстық қудалау органдарының іс жүргізуінде), олардың біреуі бойынша тергеу барысында 59 млн.теңге сомасына залал өтелді", - деп хабарлайды қадағалау органы.
Отображение неиспользуемого земельного участка на стадии обработки.jpg
Отображение неиспользуемого земельного участка на геосервисе zher.gharysh.kz (1).jpg

"ҚҒС "ҰК" АҚ жерді пайдалану мониторингі Бөлімінің бастығы Игорь Стихиляс атап өткендей, компания мамандары прокуратура органдарымен тұрақты негізде жұмыс істейді. Прокуратураның сұратуы бойынша жерді нысаналы мақсаты бойынша пайдаланудың мониторингі тұрғысынан ЖҚЗ әртүрлі мерзімдік деректеріне талдау жүргізіледі. ЖҚЗ деректері бойынша пайдаланылмайтын егістік жерлерді анықтауды қадағалау органдары ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жанар-жағармай материалдарын, егуге арналған тұқымдарды, гербицидтерді және т. б. сатып алуға субсидияларды заңды түрде алуын тексеру үшін пайдаланады.
Ғарышмониторингті енгізудің тиімділігі осындай бір ғана мысал арқылы дәлелденді және жер мен басқа да табиғи ресурстардың ғарыштық мониторингі технологияларын одан әрі тарату қажеттілігі бар деп айтуға болады.
Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы алғыс айтып, "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК"АҚ-мен одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ»
баспасөз қызметі