Ғарыштық мониторинг деректері бойынша Павлодар облысында орманның заңсыз кесілгені расталды

IMG-20210603-WA0034.jpg


Жақында "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ кеңістіктік деректер департаментінің инженері Сабыржан Илесов пен Томирис Мейрманова Павлодар облысында дала жұмыстарын жүргізді.
Ормандардың жай-күйін ғарыштық мониторингтеу деректерінің арқасында мемлекеттік инспекторлар жедел тәртіпте орман-дала өрттері туындауының барлық жағдайлары және ағаш кесу билеті жоқ ағаш кесу фактілері туралы ақпарат алады.
Мәселен, Павлодар облысының ормандарына далалық сапарлар кезінде инженерлер С.Илесов және Т.Мейраманова аумақтық инспектор Ш. Елюбаевпен бірлесіп, заңсыз ағаш кесу және бөліп беру мен таксациялау ережелерін (ағаш екпелерінің санын анықтау: ағаш қоры, ағаш көлемі және т.б., сондай-ақ өсім саны) бұзулары анықтады.
IMG-20210603-WA0019.jpg
IMG-20210603-WA0016.jpg
IMG-20210603-WA0015.jpg
IMG-20210603-WA0013.jpg
IMG-20210603-WA0010.jpg
IMG-20210603-WA0008.jpg


ЖҚЗ деректері жергілікті жерде расталды. Сонымен қатар, инспектормен залал есептеліп, акт жасалып, заңсыз ағаш кесу деректері полиция Бөлімдеріне берілді.
Орман шаруашылығы облыстық аумақтық инспекциясының орман шаруашылығы және Павлодар облыстық орман шаруашылығының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің барлық қызметкерлері үшін Сабыржан Илесов пен Томирис Мейрманова салалық аforest.gharysh.kz. геосервисті пайлалану бойынша қайтадан оқу өткізілді.
IMG-20210604-WA0020.jpg


Айта кетейік, Павлодар орман шаруашылығы инспекциясы кеңістіктік деректер Департаментімен 2018 жылдан бері тығыз жұмыс істеп келеді. Мекеменің негізгі міндеттері орман шаруашылығы саласындағы іске асыру және бақылау функцияларын орындау, сондай-ақ орман ресурстарын күзетуге, қорғауға, молықтыру мен пайдалануға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жай-күйі мен қызметіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Мысалы, 18 сәуірде "Ертіс орманы" мемлекеттік табиғи резерватында орын алған жалпы аумағы 583 гектар болатын ірі өрттің соңғы оқиғасы тіркелді. Қызметтік тексеру жүргізу кезінде республикалық комиссия жану орны, таралу динамикасы және өрттің нақты ауданы анықталған ғарыш түсірілімдерінің деректерін пайдаланды.
IMG-20210603-WA0031.jpg
IMG-20210603-WA0023.jpg


Сондай-ақ, 2020 жылы Ұлттық компанияның ғарыштық түсірілімдері негізінде "Павлодар ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мекемесі" КММ 249,3 гектар алқапта ірі орман өртін жасыру фактісі анықталды.
2019 жылы Павлодар облысы әкімдігінің орман қорғау мекемелері аумағында ағаш кесудің заңдылығын тексеру барысында жалпы көлемі – 38,094 м3 заңсыз ағаш кесудің 5 жағдайы анықталды, онда залал 162,2 мың теңгені құрады.
2020 жылы "Максим Горький орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесі" КММ-де кеспеағаштарды бөліп беру мен таксациялаудың бұзылу фактісі анықталды, ол 2019 жылы кеспе ағашты бөліп беру кезінде телімнің дұрыс анықталмауынан көрінді. Бұзушылықтардың бұл түрі ҚР барлық облыстарында кең таралған, осы мәселені шешуге ықпал ету және кеспеағаштарды бөлу жөніндегі жұмыстарды қазіргі заманғы деңгейге шығару үшін коммуналдық мемлекеттік мекемелердің қызметкерлерін дәлдігі жоғары жабдықтармен – GPS, электрондық карталармен және мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықтау қажет.
Аумақтық инспекция мамандарының пікірінше, "Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ-мен ынтымақтастық орман ресурстарын қорғауды, қорғауды және пайдалануды мемлекеттік бақылау саласындағы жұмысты айтарлықтай жеңілдетеді. Сонымен қатар, Сабыржан Илесов пен Абылай Батырбеков сияқты қызметкерлер өздерінің лауазымдық міндеттерін өте жақсы атқарады, жұмыс үшін жандары ашиды және бірлескен міндеттерді шеше отырып, әрдайым қол ұшын созады.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ»
баспасөз қызметі