«Airbus Defence and Space» өкілінің қатысуымен Pleiades Neo серіктерін топтастыру бойынша ұсыныстар талқыланды

20210616_110557.jpg



Бүгін Ұлттық ғарыш орталығына "Airbus Defence and Space" халықаралық компаниясының сату жөніндегі директоры Джордж Возикис жұмыс сапарымен келді.
Кездесу барысында стратегиялық әріптестік 2009 жылы басталған "Airbus Defence and Space" компаниясымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Екі жақтың диалогы Pleiades Neo серіктерін топтастыру бойынша ұсыныстарды талқылауға қатысты болды.
Возикис мырза тұсаукесерде айтылған ұсыныстарды көрнекі түрде көрсетті, "ҚҒС" ҰК АҚ үшін артықшылықтарды атап өтті.
Тараптар аталған бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы келісті.

 

20210616_110629.jpg
20210616_110619.jpg
20210616_110540.jpg

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ»
баспасөз қызметі