ҚҒС мен ҰАҒБО өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылады

IMG_20210622_110901.jpg



Бүгін «Қазақстан Ғарыш Сапары»ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Айымбетов Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» (ҰАҒБО)  КЕАҚ Басқарма төрайымы Гүлмира Исаевамен кездесті.
Диалог барысында өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, ауыл шаруашылығы өндірісін қашықтықтан мониторингтеу құралдарын бірлесіп дамыту мәселелері қозғалды.
IMG_20210622_110910_1.jpg

Кездесу қорытындысы бойынша ҰАҒБО ғалымдары мен әзірлеушілерін «ҚҒС» ҰК» АҚ-ның ауыл шаруашылығының ғарыштық мониторингі саласындағы қызметінің нәтижелерімен таныстыру, сондай-ақ Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың ұзақ мерзімді бағдарламасын бірлесіп дайындау бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.