"Қазақстан Ғарыш сапары" Ұлттық компаниясы қоғамдық кеңесінің құрамына 11 мүше сайланды

39149-6-narodnyi_kontrol_ru.jpg


Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасын орындау мақсатында 2021 жылдың басында "Қоғамдық кеңестер туралы" Заңға Қоғамдық кеңес мүшелерінің құқықтары мен міндеттерін кеңейтетін, оларды квазимемлекеттік сектор жұмысына тартуды көздейтін түзетулер енгізілген болатын.

"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК " АҚ бұдан тыс қалған жоқ. Компанияның интернет-ресурсында және әлеуметтік желілерінде Қоғамдық Кеңес құру туралы хабарландыру жарияланды, содан кейін азаматтар мен коммерциялық емес ұйымның өкілдері өтініш берді.

Мәселен, "Қазақстан Ғарыш сапары" Ұлттық компаниясының қоғамдық кеңесінің құрамына 11 мүше сайланды, олардың 7 азаматтық қоғам өкілдері, олардың ішінде ҚР ҰҒА академигі, профессор Мейірбек Молдабеков, Халықаралық астронавтика және космонавтика академиясының академигі Симбай Дүйсенов, Халықаралық байланыс академиясының академигі, профессор, "ЖҚЗ саласындағы компаниялар қауымдастығы" ЗТБ құрылтайшысы Абзал Жамалов.


sovet_4-03.jpg



Сондай-ақ қоғамдық кеңесте болуға өз бетінше ниет білдірген Қазақстан азаматтары. Олар: Н.Әселқан, Б. Құдабаев, М. Ажмолдаев, Р. Еламан.

"ҚҒС "ҰК" АҚ өкілдігінен ҚК құрамына Басқарма Төрағасының кеңесшісі-Ерғазы Нұрғалиев, ЖҚЗ ҒЖ департаментінің директоры - Айдар Қуатбаев, бизнесті дамыту және стратегия департаменті директорының орынбасары - Аманат Үмбетбаев Қаржы-экономикалық департаментінің бюджеттік жоспарлау. Басқармасының бас менеджері Қымбат Шикибаева кірді.


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»
АҚ баспасөз қызметі