"Қазақстан Ғарыш Сапары"ҰК" АҚ Қоғамдық кеңестің төрағасы сайланды

264_x922.jpg
 


Жақында "ҚҒС "ҰК" АҚ Қоғамдық кеңес мүшелерінің онлайн-отырысы өтті, онда жалпы дауыс беруімен "ЖҚЗ саласындағы компаниялар қауымдастығы" ЗТБ ҚК төрағасы – құрылтайшысы Абзал Жамалов, төралқаның үш мүшесі- бизнесті дамыту және стратегия Департаменті директорының орынбасары Аманат Үмбетбаев, компанияның қаржы - экономикалық Департаменті бюджеттік жоспарлау басқармасының бас менеджері Қымбат Шикибаева сайланды. Сондай - ақ, "Қоғамдық кеңестер туралы" ҚР Заңына сәйкес төралқа құрамына ҚК төрағасы А.Жамаловенді. Негізгі жұмысымен қоса ҚК хатшысы лауазымына "ҚҒС "ҰК" АҚ құқықтық қамтамасыз ету және корпоративтік даму Басқармасының бас менеджері - Денис Сидорук сайланды.
Естеріңізге сала кетейік, "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясы Қоғамдық кеңесінің құрамына 11 мүше сайланды, олардың 7 азаматтық қоғам және 4 компанияның өзөкілдері.
39149_6_narodnyi_kontrol_ru.jpg

Қоғамдық кеңестің құрамына тәжірибесі мол адамдар, аэроғарыш саласының кәсіпқойлары, ғылыми ортаның өкілдері, заң жобаларын әзірлеудің белсенді қатысушылары, ЖҚЗ бойынша мамандар, оқытушылар мен қоғам қайраткерлері кірді.
Жұмыс тобынан Қоғамдық кеңеске қарау және бекіту үшін "ҚҒС" ҰК"АҚ Қоғамдық кеңес туралы әзірленген Ереженің жобасы берілді. Аталған мәселе бойынша отырыс жақын арада өтеді.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»

АҚ баспасөз қызметі