Рашит ӘБДІРАЗАҚОВ: «Ұлттық ғарыш орталығы өмірімнің бір бөлігіне айналды»

«Астана күні» мемлекеттік мерекесі қарсаңында 2010 жылғы 3 шілдеде Ұлттық ғарыш орталығы құрылысының басталғанын білдіретін ескерткіш белгі қаланды.

ҰҒО құрумен байланысты тарих пен оқиғаларды сақтаушы «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ пайдалану Департаментінің директоры Рашит Ахметұлы Әбдіразақов болып табылады.
- Рашит Ахметұлы, дәл осы күні Ұлттық ғарыш орталығының құрылысы басталғанына аттай 11 жыл болған екен. Сіз бастауында тұрдыңыз, бұл қалай болғанын айтып беріңізші?
- Мен компанияда 2009 жылғы 20 мамырдан бастап жұмыс істеймін және көптеген оқиғалар менің көз алдымда өтті, кейбіреулерге тікелей қатыстым.
2010 жылғы 3 шілдеде ҰҒО құрылысының басталуын білдіретін естелік белгі салтанатты түрде ашылды. Олл іс – шараға Қазақстан мен Франция басшылығының өкілдері, Қазақстан Республикасының депутаттары, "EADS Astrium" (қазір - "Airbus DS") француз компаниясының басшылығы, "ҚҒС "ҰК" АҚ ұжымдарының, Қазғарыштың басқа да ведомстволық бағынысты кәсіпорындарының өкілдері, жобалаушылар мен құрылысшылар қатысты.
8 (1).JPG
   
_DSC4303 (1).JPG
9.JPG
 
_DSC4522 (1).JPG
_DSC4135 (1).JPG
 

- Сізге бүкіл құрылыс процесіне жетекшілік етуге тура келді, қандай қиындықтар туындады?
- Негізгі қиындықтар, әрине, «Құлагер» СК» ЖШС ҰҒО өндірістік нысандар құрылысы бойынша бас мердігермен жұмыста болды.
Бұл объектілер құрылысының аяқталу мерзімдерін ауыстыру, құрылыс барысында ескертулерді жою мәселелері, сот процестері және басқалар.
ЖҚЗ ғарыш жүйесінің Жерүсті сегменті және ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешені (ҒА ҚұСК) сияқты кешендерді құруға құрылысшылар, инженерлік және технологиялық жабдықтарды жеткізушілер, іске қосу-жөндеу ұйымдары және басқалар қатысады. Біз, Тапсырыс берушілер ретінде, барлық қатысушылардың, соның ішінде шетелдік компаниялардың жұмысын үйлестіруге және жұмыс кестелерін келісуге тура келді.

5 (1) (2).jpg
4 (1) (1).JPG
 
- Мұндай футуристік ғимарат құру идеясы сәулетшіге тиесілі ме, әлде бұл басшылық идеясы ма?
- Астанада ҰҒО құру идеясы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа және Қазғарыш төрағасы Т.А. Мұсабаевқа тиесілі болды.
Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығына салынған идея - әзірлеуден, өндіруден және сынаудан бастап ғарыш жүйелері мен кешендерін пайдалануға дейінгі барлық технологиялық процестерді біріктіреді.
Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев ҰҒО құруға өлшеусіз үлес қосты және жер учаскесін таңдау, жобалау және орталықтың тікелей құрылысы сәтінен бастап ҰҒО құруға жетекшілік етті.
2009 жылғы маусымда орталық құрылысына жер телімі таңдалды, бірінші қазық қағылды, тамыз айында жобалаушы таңдалды, ҰҒО нысандарын жобалау басталды.
ҰҒО жобалау конкурсына Түркия (2 компания), Қарағанды, Алматы, Шымкент және Астана қалаларының жобалаушылары қатысты. Бас сәулетшісі Владимир Александрович Лаптев болып табылатын Астана қаласынан «ВЛ» ЖШС сәулет-жобалау компаниясы жеңімпаз болып танылды. Конкурсқа «ВЛ» ЖШС ұсынған ҰҒО тұжырымдамасы комиссияға ұнады, өйткені ол ғарыштық дизайн элементтерін қамтыды және Астанада ғарыш орталығын құру идеясын барынша толық көрсетті.
Бір қызығы, республикалық байқау-сайыстың қорытындысы бойынша 2010-2013 жылдардағы ең үздік сәулет туындысы Астанадағы Ұлттық ғарыш орталығының (ҰҒО) жобасы болды
және «ВЛ» ЖШС ҰҒО жобасы үшін ҚР Сәулетшілер одағының Алтын дипломын алды.

3 (1).JPG
5 (1) (1) (1).JPG


- Сізден басқа, компания қызметкерлерінің тағы қайсысы нысан құрылысына үлес қосты?
- Объектілер құрылысына қатысты, Тапсырыс беруші тарапынан құрылысқа қатысқандардың барлығы ҰБО объектілерін жобалау және салу процесіне тікелей қатысты. Осы уақытқа дейін компанияда жұмыс істейтіндерді атап өткім келеді. Олар: Арман Сабирович Нугужинов, Игорь Владимирович Червонный, Нурия Рафаиловна Аллабердина, Яков Васильевич Бухинник, Ергали Торбаевич Шакиров, Қуаныш Ибраев және тағы басқалар, бірақ құрылысқа қатысқандар, бірақ мұнда жұмыс істемейтіндер: Төлебек Төлегенұлы Темірханов, Нұрлан Сабирович Байдуллин, Қайрат Байтасов, Әли Нарибаевич Мәмбет және көптеген басқа адамдар.
Бірақ мұндай кешендерді құру - тек құрылыс емес. Орталықтың өндірістік объектілерін құру үшін ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенін, ҚР Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесін, сондай-ақ ҚР жоғары дәлдікті серіктік навигация жүйесінің жерүсті инфрақұрылымын құру бойынша жобаларды практикалық іске асыру жүргізілді.
Сондықтан, барлығын тізбелеу қиын болуы мүмкін, бірақ мұның бәрі ЖҚЗ және ЖСНЖ, ҒА ҚұСК құру жобалары командаларының басшылары мен қатысушылары.
1 (1) (1).JPG
2 (1) (1).JPG


- Артқа қарап, сіз «өз тумаңызда» не өзгертер едіңіз?
- «Өз тумам» деп санамаймын, мен мұндай ҰҒО бірегей нысандарын құрған команданың бір бөлшегімін. Әрине, артқа қарап кейбір сәттерді, соның ішінде құрылыс сапасын да түзетуге болатын еді.
Бірақ ҰҒО қандай жағдайда құрылғанын ескере отырып, құрылыс процесінде көптеген мәселелер бойынша шешім қабылдауға тура келді.
- ҰҒО өміріңіздің бір бөлігі деп атауға бола ма?
Әрине, компанияда 12 жылдан астам жұмыс істеп, ҰҒО объектілерінің құрылысына, ҒА ҚұСК құру жобасына қатысып - ҰҒО өмірімнің бір бөлігіне айналды деп сеніммен айтуға болады.
- Рашит Ахметұлы, сұхбатыңыз үшін рахмет! Сізде қазір жас қызметкерлерге беретін үлкен тәжірибе бар. Бар бастауларыңызға сәттілік тілеймін!

Индира Құсайынова,
«Қазақстан Ғарыш Сапары»ҰК» АҚ
баспасөз хатшысы