"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК" АҚ деректері бойынша Қарағанды облысындағы өрт туралы мәліметтер

Байконыр 7 июля.JPG


Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Байқоңыр ауылының маңында ірі дала өрті жалғасуда.
"ҚҒС" ҰК" АҚ кеңістіктік деректер Департаменті ТЖ мониторингі және табиғи ресурстар Басқармасының қызметкерлері күн сайын, тәулігіне бірнеше рет ғарыш мониторингінің жедел деректерін Қарағанды облысының төтенше жағдайлар Департаментіне беруде.
5 және 6 шілдедегі суреттер бойынша өртенген аумақтың жалпы ауданы 95 712 га құрайды.
Өртенген аумақтың қорытынды ауданы өзгеруі мүмкін, шығыс бөлігіндегі кейбір учаскелерде өрт жалғасуда.