Тарих беттері

2007 (25).jpg


Бүгін «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «KazSat -2» ғарыш аппаратының ұшырылғанына 10 жыл толды.
2011 жылғы 16 шілде – қазақстандық ғарыштың даму тарихындағы маңызды күн. Бір жылдан кейін Үкіметтің 2012 жылғы 31 мамырдағы қаулысымен «Республикалық ғарыштық байланыс орталығы» АҚ Қазақстан Республикасының ғарыштық байланыс жүйесінің ұлттық операторы болып белгіленді.
Қазіргі уақытта «РҒБО» АҚ жоғары білікті мамандары «Ақкөл» және «Көктерек» жерүсті кешендерінен ғарыш аппараттарын тәулік бойы басқаруды жүргізеді.

2007 (20).jpg




Осы жылдар ішінде «KazSat-2» және «Kazsat-3» жерсеріктерінің арқасында елдің байланыс және телехабар тарату қызметтеріне қажеттіліктері толығымен қанағаттандырылды. «Kazsat» ғарыш жүйесінің қызметтерін 15 қазақстандық байланыс және хабар тарату операторлары пайдаланады, олардың ел аумағында орналасқан 13 мыңнан астам жерсеріктік байланыс станциялары бар.

Осы айтулы күні «РҒБО» АҚ-ның барлық ұжымы мен ардагерлеріне мықты денсаулық, алған бағдарларын нығайтуды және ғарыш қызметінде одан әрі табыстарға қол жеткізуді тілейміз.