Ауа райының қолайсыздығы жайылымдық жерлердің өнімділігінің төмендеуіне себеп болды

2021 жылдың көктемгі-жазғы кезеңінде ауа температурасы өте жоғары ауа райы жағдайында елдің ауыл шаруашылығы үшін қиын болды. Күзгі-қысқы жауын-шашынның аз мөлшерде түсуі, көптеген өңірлерінде шөптің қалыңдығына өз зиянын тигізді.
Бүгінгі күні кейбір өңірлерде жайылымдық жерлер өнімділігінің 30-40%  дейін төмендегені байқалады.
Мысалы, 2021 жылы ЖҚЗ деректері бойынша Маңғыстау облысында өсімдіктердің болмауы жайылымдық алқаптардың 63,9% келеді, жайылымдық алқаптардың 36,03% өте нашар деп бағаланады.
2020 жылдың осы кезеңінде өсімдіктердің болмауы аумақтың 27,9% құрады, жайылымдық жерлердің 70,21% өте нашар деп жіктелді.
Осылайша, 2021 жылы "өсімдіктер жоқ" класының үлесі екі еседен астам өсті. Мамандардың пікірінше, бұл жағдайдың себептері: ауа температурасының тым жоғары болуы, топырақ пен атмосфералық құрғақшылықтың болуы, топырақтың эрозияға төзімділігі. Мұның бәрі жайылымдық өсімдіктер жағдайының нашарлауына ықпал етті.

Мангистау2021.jpg
Мангистау 2020.jpg


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясының мамандары жайылымдық жерлерді қашықтықтан бағалауға кешенді тәсіл әзірледі, оған арналардың қиыстырылуы, өсімдіктердің спектрлік индекстері мен биофизикалық параметрлерін есептеу, оқытумен саралау және т.б. сияқты әдістер кіреді, жайылымдық өсімдіктердің спектрлік сипаттамаларын түсіндіру нәтижелері эталондық полигондар бойынша жүргізілетін жерүсті бақылауларынан алынған деректермен анықталады», - дейді "ҚҒС "ҰК" АҚ кеңістіктік деректер Департаменті ауыл шаруашылығы өндірісі мониторингі Басқармасының бастығы Гүлнар Қабжанова.
Жайылымдық жерлердің ғарыштық мониторингін қамту 2021 жылы кеңейе түсті және жайылымдық жерлердің ауданы - 77,2 млн.га болатын 45 әкімшілік ауданды құрады. ЖҚЗ деректері бойынша жыл мезгілдері бойынша жайылымдық өсімдіктердің жай-күйіне, өнімділігіне және тозу дәрежесіне шынайы баға беріледі.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»

АҚ баспасөз қызметі