"Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ, "Главкосмос", "Гонец" және "АГОИ" ғарыш саласында бірге қызмет жасайтын болады

IMG-20210720-WA0064.jpg
200295400075_306771.jpg


"Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰК " АҚ Мәскеу маңындағы Жуковскийде өз жұмысын бастаған МАКС-2021 халықаралық авиациялық-ғарыш салонында экспонент ретінде қатысады.
Іс-шараны Ресей президенті Владимир Путин ашты. Қазақстандық делегацияны ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов басқарды. "Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ атынан компанияның Басқарма төрағасының орынбасары, авиация генерал-майоры, ұшқыш-ғарышкер, Халық қаһарманы Айдын Айымбетов қатысты.
Сапар аясында Айдын Ақанұлы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов пен "Роскосмос" ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозин арасындағы кездесуге қатысты. Тараптар ғарыш саласын дамытудағы ынтымақтастықты одан әрі талқылады.
Кездесуден кейін "ҚҒС "ҰК" АҚ, "Главкосмос" АҚ және "Гонец" жер серіктік жүйесі" АҚ ("Роскосмос" Мемлекеттік корпорациясына кіреді) арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Құжатта ғарыш қызметінің әртүрлі салаларындағы үш компанияның, оның ішінде Қазақстан Республикасының аумағындағы "Гонец" жер серіктік жүйесі базасында жер серіктік байланыс технологияларын пайдаланудағы ынтымақтастығы көзделеді.

IMG-20210720-WA0093.jpg
IMG-20210720-WA0133.jpg
IMG-20210720-WA0012.jpg


Мәскеу маңындағы Жуковскийде өтіп жатқан МАКС-2021 халықаралық авиациялық-ғарыш салоны көрмесінің ашылу рәсімі шеңберінде "Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ мен профессор Н.Е.Жуковский атындағы аэрогидродинамикалық орталық институт ("АГОИ") Федералдық мемлекеттік біртұтас кәсіпорны арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Тараптар ғарыштық әзірлемелер мен зерттеулер саласындағы әріптестік қатынастар мен ынтымақтастықты өзара дамыту туралы уағдаластыққа қол жеткізді.
"Біз Ресеймен ғарыш саласындағы ынтымақтастықтың дамып келе жатқанына қуаныштымыз, бұл біздің елдеріміз үшін ғылыми және жоғары технологиялық салада үлкен көріністер ашады. Өзара стратегиялық серіктестік таяу болашақта сұранысқа ие болу және жаңа кәсіби дағдыларды игеру, инновациялық тәсілді талап ететін кәсіптердің пайда болуы үшін кең әлеуетті қамтамасыз етеді деп ойлаймын", - деп атап өтті Меморандумға қол қою қорытындысы бойынша Айдын Айымбетов.

IMG-20210720-WA0118.jpg
IMG-20210720-WA0117.jpg
IMG-20210720-WA0091.jpg
 
IMG-20210720-WA0110.jpg


Айта кету керек, биыл салон 20-25 шілде аралығында жалғасады және көпшілік үшін бүгін, 21 күннен бастап ашылады. МАКС-2021 келушілері ұсынылған экспонаттардың, зымыран тасығыштардың, ғарыш аппараттарының және басқа әзірлемелердің макеттерімен таныса алады.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»
АҚ баспасөз қызметі