ҚҒС" ҰК " АҚ мамандарының ғарыш мониторингінің арқасында 5044 рұқсат етілмеген қалдықтар нысандары және 1794 рұқсат етілмеген пайдалы қазбаларды өндіру орындары табылды

d6f1c920ece5545bdd6b314d1e619816.jpg


"Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясы" АҚ 250 мыңнан астам шаршы км аумақты қамтыған 35 ірі елді мекен аумағында өндіріс, тұтыну қалдықтарына және кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру орындарына ғарыштық мониторинг жүргізеді.

Қалдықтардың ғарыштық мониторингі үш бағыт бойынша жүргізіледі: өндіріс және тұтыну қалдықтарын орналастыру орындарына мониторинг жүргізу, өндіріс және тұтыну қалдықтары полигондары шекараларының өзгеру серпініне мониторинг жүргізу, рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді анықтау.
2021 жылдың бірінші жартыжылдығында KazEOSat-1 ғарыш аппаратынан жоғары кеңістіктік рұқсаттағы және WorldView және GeoEye ҒА аса жоғары кеңістіктік рұқсаттағы ғарыштық түсірілімдер алынды, олар 146 898 шаршы км аумақты қамтиды. Әрі қарай, векторлау процесі, есептеу, жіктеу және төлсипаттарды толтыру жүргізілді.
2021 жылдың 1 жартыжылдығының қорытынды мәліметтері ҚР экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі үшін "ҚҒС "ҰК" АҚ кеңістіктік деректер Департаментінің мамандары әзірлеген геосервистерде жарияланды (https://waste.gharysh.kz және http://nedro.gharysh.kz).

Бүгінгі күні талданған ғарыш суреттерінің шекарасында 318 рұқсат етілген қалдықтар полигон объектілері орналасқан, сондай-ақ 5044 рұқсат етілмеген қалдықтар  объектісі анықталған.
Бұдан басқа, көрсетілген кезеңде 1794 ПҚӨ заңсыз  өндіру орны анықталды.


IMG-20210726-WA0017 (1).jpg


IMG-20210726-WA0015 (1).jpg
   
IMG-20210726-WA0012 (1).jpg



"2021 жылы "ҚҒС" ҰК " АҚ кеңістіктік деректер Департаменті мамандарының күш-жігерінің арқасында Wasteview және WasteEdit қосымшалары App
Store платформасында тіркелді. Енді iOS қолданушылары, Android қолданушылары сияқты, қосымшаларды мобильді құрылғыларына жүктей алады және "қалдықтар картасына" назар аудара отырып, өндіріс пен тұтыну қалдықтарын орналастыру орындарын дұрыс анықтай алады.

Сондай-ақ, осы жылы https://wasteopen.gharysh.kz сайты құрылды, Қазақстанның барлық азаматтары қалдықтар және олардың ғарыштық
мониторинг нәтижелеріне сәйкес орналасуы туралы ақпаратқа еркін қол жеткізе алады", - дейді ҚҒС "ҰК "АҚ кеңістіктік деректер Департаментінің
экология және қауіпсіздік мониторингі Басқармасының бастығы Азамат Маханов.
https://youtu.be/nRdWt39_VDo

Ролик АО НК "Қазақстан Ғарыш Сапары" о космомониторинге с участием Председателя КЭРК МЭГРЭП РК


«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»
АҚ баспасөз қызметі