Қазақстандық ғарышкер туған күнімен құттықтауларды алуда

 

298785520254.jpg
 
2009021531233200f.jpg
 

Айдын Айымбетов өзінің ғарыштық ұшуын 2015 жылғы 2 қыркүйекте "Союз ТМА-18М" бортинженері ретінде жасады. Экипаж Байқоңыр ғарыш айлағынан ХҒС дейін 7 сағат 37 минутта іске қосылды. Бұл "Гагарин стартынан" 500 ұшыру болды.

Ғарыштық ұшу кезінде А.Айымбетов бірқатар физикалық-ғарыштық эксперименттер жүргізді. Атап айтқанда,"Ураган", "Релаксация", ғарышта адамға радиацияның әсерін зерттеу эксперименті, сондай-ақ Арал және Каспий теңіздерінің экологиялық жағдайын ғарыштық бақылау жасады. Ғарышкер өзімен бірге Қазақстан Республикасының туы мен Қазақстан ӘӘК туын орбитаға алды, сондай-ақ "Дастархан-6" экспериментін өткізу үшін дәруменді қоспалары бар сублимацияланған түрдегі қазақтың ұлттық тағамдарын алды.
Ұшу ұзақтығы 9 тәулік 20 сағат 13 минут 51 секундты құрады.

unnamed (5).jpg

Айдын Ақанұлына ғарыштық ұшуды табысты жүзеге асырғаны және осы ретте көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін "Халық Қаһарманы" (Народный герой) атағы берілді.
Қазақстанның Батыры, Қазақстан Республикасы ұшқыш-ғарышкері Айдын Ақанұлы Айымбетовті туған күнімен құттықтаймыз және оған мықты денсаулық, жұмыста зор табыс, отбасына амандық және көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!