Жарты жыл ішінде ғарыш мониторингі 1 млн. гектардан астам пайдаланылмаған жерлерді анықтады

актуал.jpg


Жыл сайын "Қазақстан Ғарыш Сапары "ҰК" АҚ ҚР Бас прокуратурасы үшін Қазақстан Республикасының барлық аумағындағы ауыл шаруашылығы өндірісі мен жер қатынастары объектілеріне мониторинг жүргізеді.
Прокуратураның сұратуы бойынша жерді нысаналы мақсаты бойынша пайдаланудың мониторингі тұрғысынан ЖҚЗ әртүрлі мерзімдік деректеріне талдау іске асады. ЖҚЗ деректері бойынша пайдаланылмайтын егістік жерлерді анықтауды қадағалау органдары ауыл шаруашылығы өндірушілерінің субсидиялар алу заңдылығын тексеру үшін пайдаланады.
Мониторинг қорытындысы бойынша ҚР аумағындағы ауыл шаруашылығы мақсатындағы өңделген және пайдаланылмайтын жерлердің алаңы бойынша деректер ұсынылады.

нецелевое.jpg
неиспользуемые.jpg

Мысалы, "ҚҒС" ҰК " АҚ деректері бойынша бүгінгі таңда 2021 жылдың басынан бері өңделген егістік алқаптардың ауданы 19 516 829,0 га құрады.
Ел аумағында пайдаланылмайтын егістік алқаптар 1 025 998,0 га анықталды, егістік алқаптарды мақсатсыз пайдалану бойынша алаң 709 255,1 га құрады.
ҚР аумағының ауыл шаруашылығы алқаптары мен табиғи ресурстарының жай-күйін мониторингтеу нәтижелері салалық https://zher.gharysh.kz геосервис арқылы ұсынылады.

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК»
АҚ баспасөз қызметі